
Өмірбаян
1990 жылы 28 мамырда Өзбекстан Республикасы, Қарақалпақстан, Қоңырат ауданы, Қарақалпақия бекетінде дүниеге келген. 1997-2002 жылдар аралығында Қарақалпақия бекетіндегі №56 орта мектепте білім алған. 2002 жылы мектептегі негізгі пәндерді оқыту өзбек және қарақалпақ тілдеріне ауыса бастағандықтан, 2002 жылы отбасымен Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Шұбарқұдық кентіне көшіп келіп және №4 Шұбарқұдық жалпы білім беретін мектебінде 2008 жылға дейін білім алған. 2010 жылы С.Бәйішев ат. Ақтөбе университетінің колледжіне оқуға түсіп, 2014 жылы «Құқықтану» мамандығы бойынша оқып, «Кеңесші-заңгер» біліктілігін алған.
24.10.2009-22.04.2013жж. Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, «Қаражанбасмұнай» кен орны, тазалықшы;
11.03.2016-13.09.2016жж. «Темір ауданы әкімі аппараты» ММ-сі жастар тәжірибесі;
08.10.2016-30.12.2016жж. «Темір ауданы әкімі аппараты» ММ-сі ақылы қоғамдық қызметші;
13.01.2017-03.04.2017жж. «Шұбарқұдық ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-сі ақылы қоғамдық қызметші;
15.05.2017-07.06.2023жж. «Темір ауданы әкімі аппараты» ММ-сінің персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бөлімінің іс-қағаздарын жүргізушісі;
08.06.2023-21.08.2023 ж. аралығында «Темір аудандық мәслихатының аппараты» ММ-сінің уақытша бас маманы;
2023 жылдың 22 тамызынан бастап «Темір аудандық мәслихатының аппараты» ММ-нде арнайы тексерудің нәтижесінен кейін тұрақты бас маманы.





