
Өмірбаян
1973 жылы 13 мамырда Ақтөбе облысы Темір ауданы Қалмаққырған бекетінде дүниеге келген. Білімі-жоғары. 2001-2007 жылдары М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын «Тасымалдауды ұйымдастыру және басқару (темір жол көлігінде)» мамандығы бойынша бітірген.
1990-1992ж.ж. Шұбарқұдық 9-жол дистанциясының 46-разъезінде ІІІ разрядты жол монтері;
1992-1993 ж.ж. Шұбарқұдық 8-жол дистанциясының 46-разъезінде ІІ разрядты электро-монтері;
1993-1994 жылдары Байқоңырда әскери борышы;
1995-2003 ж.ж. Қалмаққырған бекетінің бекет кезекшісі;
2003-2017 ж.ж. 46-разъезд бастығы;
2017 жылдың шілде айынан бастап бүгінгі күнге дейін Ақтөбе жүк тасымалдау Шұбарқұдық станциясының бастығы қызметін атқарып келеді.
2024 жылдың 13 желтоқсанынан бастап аудандық мәслихаттың VIII шақырылым (2023-2028ж.ж.) депутаты.





