Темір ауданының мәслихаты

    "Мәслихат туралы"

    Мәслихат өз құзыреті шегінде тиісті аумақты дамытудың жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, жергілікті бюджетті және олардың орындалуы туралы есептерді бекітеді, олардың орындалуын бақылайды, олардың қарауына жатқызылған жергілікті әкімшілік-аумақтық орналастыру мәселелерін шешеді, Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады. Азаматтар мен ұйымдардың нормаларын орындауына жәрдемдеседі. Қазақстан Республикасының Конституциясы, заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады.
    Мәслихат өз өкілеттігін сессияларда, тұрақты комиссиялар мен өзге де органдар, мәслихат депутаттары мен төрағасы арқылы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.Мәслихат қызметінің негізгі нысаны мәслихат сессиясы болып табылады, онда оның қарауына заңдармен жатқызылған мәселелер шешіледі.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    Хабарландыру

    Темір аудандық мәслихатының учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарынан мүшелері шығып кетуіне байланысты өзгерістер енгізу басталғаны туралы ХАБАРЛАМАСЫ

    Темір аудандық мәслихаты «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының (бұдан әрі - Сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарына мүшелері шығып кетуіне байланысты өзгерістер енгізу басталғаны туралы хабарлайды.

    Жарияланды:
    Хабарландыру

    Темір аудандық мәслихатының округтік сайлау комиссияларының құрамына мүшелері шығып кетуіне байланысты өзгерістер енгізу басталғаны туралы ХАБАРЛАМАСЫ

    Темір аудандық мәслихаты «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының (бұдан әрі - Сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес округтік сайлау комиссияларының құрамына мүшелері шығып кетуіне байланысты өзгерістер енгізу басталғаны туралы хабарлайды.

    Жарияланды:
    Хабарландыру

    Темір ауданы тұрғындарының және аудандық мәслихаттың сегізінші сайланымының депутаттарының назарына!

    2026 жылғы 6 тамыз сағат 15:00-ге Темір аудандық мәслихатының сегізінші сайланымының кезектен тыс елуінші сессиясы шақырылады.

    Жарияланды:
    Хабарландыру

    Темір ауданы тұрғындарының және аудандық мәслихаттың сегізінші сайланымының депутаттарының назарына!

    2026 жылғы 21 шілде сағат 11:00-ге Темір аудандық мәслихатының сегізінші сайланымының кезектен тыс қырық тоғызыншы сессиясы шақырылады.

    Жарияланды: