
Бүгін аудандық мәслихат төрағасы Б. Шаимовтың төрағалығымен аудандық мәслихаттың кезекті қырық сегізінші сессиясы өтті.
Сессия жұмысына аудан әкімінің міндетін атқарушы Р. Құдайбергенов, аудандық мәслихат депутаттары, аудандық бөлімдердің басшылары қатысты.
Сессияның күн тәртібінде ауданның, қала және ауылдық округтердің 2025 жылғы бюджетінің атқарылуы туралы мәселелер және өзге де маңызды сұрақтар қаралды.
Аудандық бюджеттің атқарылуы жөнінде аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Ж. Шаменов баяндама жасады. Сонымен қатар, қала және ауылдық округтердің бюджеттерінің орындалуы туралы тиісті әкімдер есеп беріп, атқарылған жұмыстар мен қаржының игерілу барысы жөнінде ақпарат ұсынды.
Жиын барысында күн тәртібіндегі мәселелер жан-жақты талқыланып, депутаттар тарапынан ұсыныстар мен пікірлер айтылды. Қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
Сессия барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған жұмыстардың тиімділігі мен алдағы кезеңге арналған міндеттер де сөз болды.







