Нұржанова Әлия Маратқызы

    Мәслихат депутаты

    Нұржанова Әлия Маратқызы
    Депутат маслихата

    Нұржанова Әлия Маратқызы

    Мәслихат депутаты

    Өмірбаян

    1982 жылы 4 шілдеде Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Саркөл ауылында дүниеге келген. Темір ауданы, Саркөл орта мектебін 1999 жылы аяқтаған. 1999-2003 жылдары аралығында Қ.Жұбанов ат. Ақтөбе мемлекеттік университетін «Ағылшын тілі пәні мұғалімі» бойынша аяқтап, 2004 жылы Англияның Гастинс қаласында мұғалімдерге арналған біліктілік курсынан өткен. 2014-2016 жылдары С.Бәйішев ат.Ақтөбе университетінде гуманитар ғылымдар магистрі дәрежесін алған. 2015 жылы Уфа қаласында дипломалды диссертация қорғаған.

    2003-2007 оқу жылдары Ақтөбе қаласы №51 гимназияда ағылшын тілі пәнінің мұғалімі;
    2011-2016 жылдар аралығында Шұбарши орта мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары;
    2016 жылы Шұбарши орта мектебінің директоры;
    2017 жылы Орал қаласында 9 айлық мектеп басшыларының курсы;
    2022 жылдың сәуір айынан бастап Шұбарши мектеп-бөбекжай балабақшасының директоры;
    2023 жылдың 19 наурызынан бастап аудандық мәслихаттың VIII шақырылым (2023-2028ж.ж.) депутаты.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері