Қойшыбаев Жандәурен Баймағамбетұлы

    Темір аудандық мәслихаты аппаратының басшысы

    Қойшыбаев Жандәурен Баймағамбетұлы
    Руководитель аппарата

    Қойшыбаев Жандәурен Баймағамбетұлы

    Темір аудандық мәслихаты аппаратының басшысы

    Өмірбаян

    Қойшыбаев Жандәурен Баймағамбетұлы 1986 жылы 15 сәуірде дүниеге келген.

    Білімі жоғары. 2005 жылы Ақтөбе кооперативтік колледжін «Салық қызметші» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2008 жылы С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетін «Есеп және аудит» мамандығы бойынша, 2020 жылы С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

    Еңбек жолын 2003 жылы Ақтөбе қаласындағы «Алия-МБ» ЖШС-нің есепші-бухгалтері болып бастаған;

    2003-2009 жылдар аралығында Темір ауданы бойынша салық комитеті, әкімшіліктендіру және ақпараттық технология бөлімінде көмекші, Темір ауданы бойынша салық комитетінің аудит бөлімінің бас маманы, Салық төлеушілермен жұмыс және ақпараттық технология бөлімінің бас маманы, Ақтөбе қаласы бойынша салық басқармасының дәрменсіз борышкерлермен жұмыс және өндіру бөлімінің бас маманы қызметтерін атқарған;

    2009-2013 жылдар аралығында Темір ауданы бойынша салық басқармасы бастығының орынбасары, 2013-2018 жылдары Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Байғанин ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы;

    2018-2019 жылдары «Ақтөбе қалалық жер қатынастары бөлімі» ММ басшысының орынбасары;

    2019-2025 жылдары Темір ауданы әкімінің орынбасары лауазымын атқарып келді.

    2025 жылдың 12 мамырынан бастап Темір аудандық мәслихаты аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері