
Шаимов Болат Сейтенұлы
Темір аудандық мәслихатының төрағасы
Өмірбаян
1969 жылы 15 қыркүйекте Темір ауданы, Шұбарқұдық кентінде дүниеге келген.
1991 жылы Гурьев педагогикалық институтын «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша аяқтап, 2004 жылы С.Бәйішев ат. университетін «Мемлекеттік басқару» мамандығы бойыншы, 2014 жылы Қазақ-Орыс Халықаралық университетін «Құқықтану» мамандығы бойыншы аяқтаған.
1991 жылы №4 Шұбарқұдық орта мектебінде мұғалім;
1992-1996 жылдары халық депутаттары Темір аудандық Кеңесінің референті, ұйымдастыру және кадрлармен жұмыс істеу бөлімінің меңгерушісі, аудан әкімдігінде тіл бөлімінің бас маманы;
1996-2008 жылдар аралығында аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы;
2008-2013 жылдары аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы;
2013-2014 жылдары аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығынң директоры;
2014-2015 жылдары аудандық «Темір» газетінің редакторы;
2016 жылы аудандық «Қазақ тілі қоғамының» төрағасы;
2016-2019 жылдары аралығында аудан әкімінің орынбасары;
2018-2021 жылдар аралығында аудандық мәслихат аппараты бөлімшесінің басшысы;
2021 жылдың 14 қаңтарынан бастап аудандық мәслихат хатшысы;
2023 жылдың 30 наурызынан бастап аудандық мәслихат төрағасы.

