Өмірбаян
Нұрғалиев Азамат Жұбатқанұлы 1972 жылы 28 қыркүйекте дүниеге келген.
Білімі жоғары. 1995 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін «Математика және информатика пәні мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1994-1997 жылдары Темір ауданы Агропромбанкінің Шұбарқұдық филиалының информатигі болып бастаған.
1997-1999 жылдары «Темір ауданының аудандық жұмыспен қамту орталығы» ММ-нің мемлекеттік инспекторы;
1999-2000 жылдары Ақтөбе облысы Темір ауданының «Еңбек биржасы» МҚК директоры;
2000-2004 жылдары «Темір ауданының аудандық жұмыспен қамту орталығы» ММ-нің директоры;
2005 жылғы қаңтары мен қыркүйегі аралығында «Темір ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік ресурстар бөлімі» ММ бастығының орынбасары;
2005-2009 жылдары «Темір ауданының жер ресурстарын басқару бөлімі» ММ-нің бастығы;
2009-2012 жылдары Темір ауданы әкімінің орынбасары;
2012-2016 жылдары «Темір ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің басшысы;
2016-2022 жылдары «Nur Otan» партиясы Темір аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары;
2022 жылдан бастап «AMANAT» партиясы Темір аудандық филиалының атқарушы хатшысы қызметін атқарып келеді.





