Қызметкерлер — Көксу ауданы мәслихатының аппараты

    Көксу ауданы мәслихатының аппараты басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

    Басшылық

    2
    Бейсенбай Жамбыл Жанатұлы
    Мәслихатының төрағасы

    Бейсенбай Жамбыл Жанатұлы

    Көксу ауданы мәслихатының төрағасы

    Бейсенбай Жамбыл Жанатұлы Талдықорған облысы Қаратал ауданы Үштөбе қаласында 1985 жылы қаңтар айының 15 жұлдызында дүниеге келген. 2002 жылы Т.Рысқұлов атындағы қазақ экономикалық универитетіне түсіп, «қаржы және несие» мамандығы бойынша толық курсын 2006 жылы бітірген. 2003-2005 жылдар аралығында аталған университеттің әскери кафедрасында оқып, «әскерлерді қаржылық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша «Лейтенант» атағын алып шыққан. 2008-2010 жылдар аралығында Ө.А.Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясында «құқықтану» мамандығы бойынша сырттай оқып, екінші жоғары білім алған.

    Кожабергенов Айдар Кожабекович
    Аппарат басшысы

    Кожабергенов Айдар Кожабекович

    «Көксу ауданы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің аппарат басшысы

    1976 жылы 19 қаңтарда Алматы облысы, Көксу ауданы, Кеңарал ауылында дүниеге келген. 1993 жылы Алматы Технологиялық институтына түсіп, 1998 жылы «инженер –технолог» мамандығы бойынша бітірген. 2006-2010 жылдары Ө.А Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясының сырттай бөлімінде оқып «қаржы» мамандығы бойынша бітірген.

    Басқа қызметкерлер

    15
    Алпысбаев Қалибек Демегенұлы
    Мәслихат депутат

    Алпысбаев Қалибек Демегенұлы

    Көксу ауданы мәслихатының депутаты

    1967 жылы 26 қарашада Талдықорған облысы, Киров ауданы, Мәулімбай ауылында дүниеге келген. 1991 жылы Көксу ауыл шарушылық техникумын «инженер-механик» мамандығы бойынша бітірген.

    Байжұманов Ғалым Қазбекұлы
    Мәслихат депутат

    Байжұманов Ғалым Қазбекұлы

    Көксу ауданы мәслихатының депутаты

    Байжұманов Ғалым Казбекұлы 1966 жылы 21 қарашада Талдықорған облысы, Киров ауданы, Болшевик ауылында дүниеге келген. 1974 жылы Мұсабек атындағы орта мектебіне барып, 1982 жылы 8 сыныпты аяқтап шықты. 1982-1986 жылдары Көксу ауыл шаруашылық техникумында оқыған.

    Жунусов Қуат Әлдибекұлы
    Мәслихат депутат

    Жунусов Қуат Әлдибекұлы

    Көксу ауданы мәслихатының депутаты

    1973 жылы 6 қазанда Талдықорған облысы, Киров ауданы, Балпық би кентінде дүниеге келген. 1995 жылы І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін «еңбек және техника» мамандығы бойынша бітірген.

    Досымбеков Алдибек Ргайбекович
    Мәслихат депутат

    Досымбеков Алдибек Ргайбекович

    Көксу ауданы мәслихатының депутаты

    1962 жылы Талдықорған облысы (Алматы облысы), Киров ауданы (Көксу ауданы), Алғабас ауылында дүниеге келген. 1980-1982 жылдары Кеңес Әскері қатарында әскери борышын өтеген. 1983-1988 жылдары Алматы зоотехникалық мал дәрігерлік институтын «мал дәрігері» мамандығы бойынша бітірді.

    Гаджиев Курбан Гадживалиевич
    Мәслихат депутат

    Гаджиев Курбан Гадживалиевич

    Көксу ауданы мәслихатының депутаты

    1981 жылы 18 қазанда Алматы облысы, Көксу ауданы, Балпық би кентінде дүниеге келген. Білімі-жоғары. 1998-2002 жылдары Әзірбайджан Ғылыми-білім беру орталығының "тафаккюр" университетін "экономиканы құқықтық реттеу"мамандығы бойынша бітірген.

    Жүнісов Айдын Несіпбайұлы
    Мәслихат депутат

    Жүнісов Айдын Несіпбайұлы

    Көксу ауданы мәслихатының депутаты

    Жүнісов Айдын Несіпбайұлы 1981 жылы 23 қараша айында дүниеге келді. 1999 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетіне «Физика-математика факультетінің» «Информатика және ағылшын тілі» мамандығына түсіп 2003 жылы аяқтады.

    Асылбекова Гүлжанат Ақболатқызы
    Мәслихат депутат

    Асылбекова Гүлжанат Ақболатқызы

    Көксу ауданы мәслихатының депутаты

    Асылбекова Гулжанат Акболатовна 1978 жылы 31 қазадаі Алматы облысы, Киров ауданы, Ленин ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2005 жылы И.Жансугуров атындағы Жетысу Мемлекеттік Университетін тарих, география пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша аяқтаған.

    Абдрахманов Максат Мұхамедкәрімұлы
    Мәслихат депутат

    Абдрахманов Максат Мұхамедкәрімұлы

    Көксу ауданы мәслихатының депутаты

    1984 жылдың 11 шілдесінде Алматы облысы, Көксу ауданы, Мұқыры ауылында дүниеге келдім. Ұлтым – қазақ. Балалық шағым осы ауылда өтті. 1990жылы Мұқыры ауылының Қалқа Жапсарбаев атындағы орта мектебінің 1-сыныбына барып, 2001жылы мектепті бітірдім. Отбасылық жағдайым-үйленбегенмін. Білімім-жоғары. 2002 жылы Алматы қаласындағы, М.Тынышбаев атындағы қазақ көлік және коммуникациялар академиясының «Стандарттау және сертификаттау» бөліміне оқуға түсіп, 2007жылы инженер-сарапшы мамандығы бойынша диплом алдым.

    Жексембинова Гулден Акановна
    Мәслихат депутат

    Жексембинова Гулден Акановна

    Көксу ауданы мәслихатының депутаты

    1982 жылы 03 желтоқсанда Жетісу облысы , Көксу ауданы, Бесқайнар ауылында дүниеге келген. Ұлтым қазақ және Қазақстан Республикасының азаматы. 1988 жылы Бесқайнар орта мектебінің табалдырығын алғаш аттап, 1999 жылы осы аталған мектепті тәмәмдады.1999-2004 жылдар аралығында І.Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік университетін физика-математика мамандығы бойынша аяқтады.

    Керімбекова Әсия Әлімқұлқызы
    Бас маман

    Керімбекова Әсия Әлімқұлқызы

    бас маман

    1972 жылы 19 наурызда Талдықорған облысы Киров ауданы Талапты ауылында дүниеге келді. 1995 жылы Семей коммерциалық техникумының «Тағам әзірлеудің технологиясы және қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы; 2002 жылы – Еңбек және әлеуметтік қатынастар Академиясы «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдады.

    Толеген Алпамыс Казизұлы
    Бас маман

    Толеген Алпамыс Казизұлы

    Бас маман

    1998 жылы 29 қазанда Алматы қаласында дүниеге келдім. 2005-2016 жылдар аралығында Нұрмолда Алдабергенов атындағы орта мектепті бітірдім. Оқу уақытында мектеп белсендісі болдым. 2016 жылдан І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің Қаржы экономика ( қазіргі құқық және экономика ) факультетінде 5В051100-«Маркетинг» мамандығына түстім. 2017жылы І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің әскери кафедрасына оқуға түстім. 2019 жылы «Байланыс әскерлерін басқаруды автоматтандыруды ұйымдастыру» әскери-есептік мамандығы бойынша бітірдім. 2020 жылы І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің Қаржы экономика ( қазіргі құқық және экономика ) факультетінде 5В051100-«Маркетинг» мамандығын бітірдім.

    Кабидолданова Мақпал Аянқызы
    Бас маман

    Кабидолданова Мақпал Аянқызы

    Бас маман

    1990 жылы 27 қаңтарда Алматы облысы, Көксу ауданы, Ақтекше ауылында дүниеге келді. 2008 жылы Талдықорған заң колледжін «Құқықтану», 2011 жылы Гуманитарлы-экономикалық колледжін «Есеп және аудит», 2014 жылы Ө.Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясын «Есеп және аудит» мамандықтары бойынша тәмамдады.

    Тустикбаева Айгерим Айдаровна
    Мәслихат депутат

    Тустикбаева Айгерим Айдаровна

    Көксу ауданы мәслихатының депутаты

    20 шілде 1989 жылы Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласында туылған. 2013-2014 жылдар аралығында – Челябинск атындағы мемлекеттік мәдениет және өнер академиясын бітірді .

    Садыбаева Анар Белисбековна
    Мәслихат депутат

    Садыбаева Анар Белисбековна

    Көксу ауданы мәслихатының депутаты

    06 желтоқсан 1972 жылы Жетісу облысы, Көксу ауданында дүниеге келген. 1991-1995 жылдар аралығында І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін тәмамдаған.