Жунусов Қуат Әлдибекұлы

    Көксу ауданы мәслихатының депутаты

    Жунусов Қуат Әлдибекұлы
    Депутат маслихата

    Жунусов Қуат Әлдибекұлы

    Көксу ауданы мәслихатының депутаты

    Өмірбаян

    1973 жылы 6 қазанда Талдықорған облысы, Киров ауданы, Балпық би кентінде дүниеге келген.

    1995 жылы І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін «еңбек және техника» мамандығы бойынша бітірген.

    Еңбек жолын 1995 жылы кәсіпкерлікпен шұғылданудан бастаған, 1996 жылы № 103 жылжымалы механикаландырылған колоннада құрастырушы болып жұмыс істеген. 1997-2010 жылдары «ТАТЭК» акционерлік қоғамының Көксу аудандық электр жүйесінде көлік жүргізушісі, бас инженер, электр қуатын сату бөлімінің бастығы болып еңбек етті. 2010 жылдан бүгінгі күнге дейін Көксу ауданы әкімі жанындағы «Көксу -жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның директоры.

    «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл», «Қазақстан Республикасы мәслихаттарына - 20 жыл», «Қазақстан Республикасы мәслихаттарына - 25 жыл», мерекелік медальдарымен, «Отан патриоты», «Бауыржан Момышұлының «Батыр Шапағаты», «Сіңірген еңбегі үшін» медальдарымен марапатталған.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері