
Өмірбаян
1967 жылы 26 қарашада Талдықорған облысы, Киров ауданы, Мәулімбай ауылында дүниеге келген.
1991 жылы Көксу ауыл шарушылық техникумын «инженер-механик» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1991 жылы «Мұсабек» атындағы қой совхозында жүргізуші болып бастаған. 1993-1995 жылдары Талдықорған қаласындағы «Есен Али Сервис» фирмасында, 1995 -1997 жылдары «Мәулімбай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде жабдықтаушы, 1997-2003 жылдары аталған жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің директорының орынбасары болып еңбек еткен. 2003 жылдан бүгінге дейін «Кең дала» шаруа қожалығының төрағасы болып еңбек етуде.
«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл», «Қазақстан Республикасы мәслихаттарына - 20 жыл», «Қазақстан Республикасы мәслихаттарына - 25 жыл», «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медальдарымен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.
Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен марапатталған.
Көксу ауданының Құрметті азаматы.





