Досымбеков Алдибек Ргайбекович

    Көксу ауданы мәслихатының депутаты

    Досымбеков Алдибек Ргайбекович
    Депутат маслихата

    Досымбеков Алдибек Ргайбекович

    Көксу ауданы мәслихатының депутаты

    Өмірбаян

    1962 жылы Талдықорған облысы (Алматы облысы), Киров ауданы (Көксу ауданы), Алғабас ауылында дүниеге келген.

    1980-1982 жылдары Кеңес Әскері қатарында әскери борышын өтеген.

    1983-1988 жылдары Алматы зоотехникалық мал дәрігерлік институтын «мал дәрігері» мамандығы бойынша бітірді.

    Еңбек жолын 1979 жылы Алғабас колхозының жұмысшысы болып бастаған.

    1988-1997 жыдары «Алғабас» өндірістік кооперативінде ферма меңгерушісі болған.

    1997-2002 жылдары «Науатоған» шаруа қожалығының төрағасы болып қызмет атқарған.

    2002 -2012 жылдары Алғабас ауылдық округінің әкімі болып қызмет атқарған.

    2012 -2023 жылдары Көксу ауданы мәслихатының хатшысы болып қызмет атқарған.

    2023 жылдан Көксу ауданы мәслихатының VIII шақырылым депутаты, Көксу ауданы әкімінің кеңесшісі болып қызмет атқаруда.

    Көксу ауданы мәслихатының II. VIII шақырылым депутаты, Көксу ауданы мәслихатының V, VI шақырылым хатшысы, VII шақырылым төрағасы болып сайланған.

    Аудан мәслихатының депутаты ретінде №1 сайлау округі сайлаушыларының еркін білдіреді, оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындау жұмысына қатысып, олардың жүзеге асырылуын бақылайды.

    Аудан мәслихатының « Ауданның экономикалық дамуы, жергілікті бюджет, табиғатты қорғау және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясының төрағасы

    Депутаттық қызметін атқару барысында ауданның әлеуметтік –экономикалық дамуы, бюджет қаражатының тиімді пайдалануы, ұлтаралық қатынастарды нығайту, өскелең ұрпақты тәрбиелеу, халықты әлеуметтік қорғау, елді мекендерді көгалдандыру, ауыл шаруашылығының дамуына қолайлы жағдайлар қалыптастыру мәселелеріне елеулі назар аударады.

    «AMANAT» партиясының аудандық филиалының депутаттық фракция мүшесі. Аудан мәслихатының қызметіне, «AMANAT» партиясы фракциясының жұмысына қатысады. Ауданның қоғамдық жұмыстарына белсенді қатысып, түрлі іс-шараларға демеушілік етуде. Округ сайлаушыларымен жиі кездесулер ұйымдастырып, мұқтаж азаматтарға, көпбалалы отбасылар мен жетім балаларға, зейнеткерлер мен мүгедектерге материалдық көмегін көрсетіп отырады.

    Ерен еңбегі үшін: Қазақстан Республикасының Президенті Касым -Жомарт Кемелұлы Токаевтың екі мәрте Алғыс хатымен, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрайымы Д.Назарбаеваның Құрмет грамотасымен, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы М.Әшімбаевтың Алғысымен, «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 30 жыл», «Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл»,«Қазақстан Конституциясына - 20 жыл», «Қазақстан Конституциясына - 25 жыл» «Қазақстан Республикасы мәслихаттарына - 25 жыл», мерекелік медальдарымен, «Құрмет Орденімен», «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Үздік мәслихат хатшысы» төсбелгісімен, «100 жыл Д.Конаев» төсбелгісімен, «100 жыл М.Сеңгірбаев» төсбелгісімен, марапатталған.

    «Көксу ауданының Құрметті азаматы» атағының иегері.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері