
Абдрахманов Максат Мұхамедкәрімұлы
Көксу ауданы мәслихатының депутаты
Өмірбаян
1984 жылдың 11 шілдесінде Алматы облысы, Көксу ауданы, Мұқыры ауылында дүниеге келдім. Ұлтым – қазақ. Балалық шағым осы ауылда өтті. 1990жылы Мұқыры ауылының Қалқа Жапсарбаев атындағы орта мектебінің 1-сыныбына барып, 2001жылы мектепті бітірдім. Отбасылық жағдайым-үйленбегенмін.
Білімім-жоғары. 2002 жылы Алматы қаласындағы, М.Тынышбаев атындағы қазақ көлік және коммуникациялар академиясының «Стандарттау және сертификаттау» бөліміне оқуға түсіп, 2007жылы инженер-сарапшы мамандығы бойынша диплом алдым.
Еңбек жолымды 2001-2002жылдары Талдықорған қаласындағы «Ажар» тігін фабрикасында жұмыс атқарудан бастадым. 2007жылдың күз айында әскер қатарына алынып ,Қапшағай қаласындағы 35-гвардиялық десанттық-шабуылдаушы бригадасы әскери бөлімінде Отан алдындағы борышымды өтедім.
2008 жылы әскерден келіп, туған жерім -Мұқыры ауылында «Жалайыр» шаруа қожалығын құрып, агроөнеркәсіп саласын көркейту мақсатында егін шаруашылығымен айналыстым. Бүгінгі таңда «Жалайыр» атты шаруа қожалығын басқарып отырмын. Осы уақыт аралығында қажырлы еңбегім үшін «Нұр Отан» партиясының Алматы облыстық филалының төрағасы А.Баталовтан, Көксу ауданы әкімі А.Әділден, Алматы облысының шаруашылық басқармасы басшысынан, «Мұқыры» ауылдық әкімдігі, ауылдық мәдениет үйінен және басқа мемлекеттік мекемелерден алғыс хаттар және құрмет грамоталарымен марапатталдым. Өз тарапымнан , ауылдағы әлеуметтік жағдайлары төмен отбасыларына қаржылай және материалдық көмегімді көрсетіп, үнемі қолдау жасап келемін. Сонымен қатар, туған жерімнің өсіп-өнуіне үлес қосып, ауылымыздың білім және мәдениет мекемелеріне демеушілік көмегімді де көрсетіп отырамын. Ауылымыздың бірнеше жастарына қолдау жасап, жұмыспен қамтып отырмын. -Болашақта туған ауылымның іргесін көтеру мақсатында атқарар жұмыстар мен мақсаттарым да –анық дегім келеді.





