Көксу ауданы мәслихатының аппараты

    Мәслихат төрағасының алғы сөзі

    Құрметтi интернет желiсіне келушiлер!

    Сайттың ашылуы өкілетті биліктің қызметі туралы халықты толығырақ ақпараттандыруды қамтамасыз етуге, депутаттық корпуспен интерактивті қарым-қатынас мүмкіндігін жүзеге асыруға бағытталған.
    Біздің сайтта Сіздер аудандық мәслихаттың қызметі мен өкілеттігі туралы ақпарат алуға, депутаттармен және олардың жұмыс бағыттарымен, сессияларда қабылданған нормативтік-құқықтық актілермен және тұрақты комиссияларда қабылданған қаулылармен танысуға болады.
    Біз Көксу ауданың дамуы мен гүлденуі жолында тиімді қарым-қатынас арқылы белсенді қолдау жасап және ынтымақтаста болуға дайынбыз.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысАяқталды

    Көксу ауданың Қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлау жөніндегі конкурстың өткізілетіндігі туралы Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У

    Көксу ауданың Қоғамдық кеңесін қалыптастыру бойынша жұмыс тобы Көксу ауданының Қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлау жөніндегі конкурстың өткізілетіндігі туралы хабарлайды. Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидатураларды коммерциялық емес ұйымдар, азаматтар ұсынуы, оның ішінде өзін-өзі ұсынуы мүмкін. Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттарға Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының 10-бабының 1-тармағына сәйкес талаптар қойылады. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын бір заңды тұлғадан Қоғамдық кеңеске бір ғана өкіл сайлануы мүмкін. Конкурсқа қатысу үшін: 1) кандидатураны жұмыс тобы мен Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші; 2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер; 3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама; 4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама; 5) кандидаттың дербес деректерін жинауға, өңдеуге, таратуға және жариялауға келісім ұсынылады. Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақшаларында көзделген анықтамаларды өз бетінше немесе өзінің қатысуымен Жұмыс тобы мен Қоғамдық кеңес құрылатын мемлекеттік органның немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінің көрсетілген анықтамаларды ақпараттық жүйелерден талап етіп алдыруына жазбаша келісуі арқылы ұсынады. «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының беретін өкілеттігі шеңберінде жұмыс тобының айқындауы бойынша Көксу ауданының Қоғамдық кеңесінің сандық құрамы – 13 мүше, оның ішінде мемлекеттік органнан – 3 мүше, коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтардан – 10 мүше. Қоғамдық кеңес мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен кейін он жұмыс күні ішінде (28.09.2026 - 12.10.2026) конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері қолма-қол немесе электрондық мекенжайға ( [email protected] ) құжаттарды ұсынады. Конкурсқа қатысуға ниет білдіретін азаматтарға: Индексі 041200, Жетісу облысы, Көксу ауданы, Балпық ауылы, Мырзабекова, №38 2 қабат, Көксу ауданының Қоғамдық кеңес хатшысының жұмыс кабинеті Байланыс телефондары: 8 (72838) 20390, Электрондық пошта: [email protected] Қабылдау уақыты: 9:00-ден 18:30-ға дейін, Үзіліс: 13:00 - 14:30.

    28 қыркүйек 2026 ж. – 12 қазан 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    ХАБАРЛАНДЫРУ

    Көксу ауданы мәслихатының кезекті LXI сессиясы КҮН ТӘРТІБІ Балпық би ауылы 2026 жылғы 29 қыркүйек сағат:09-00 «Көксу ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 9 айда атқарған жұмыстары туралы есебі. «Көксу ауданының саулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 9 айда атқарған жұмыстары туралы есебі. Өзге де сұрақтар.

    18 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Мәслихат туралы Қызметі Құжаттар Баспасөз орталығы Байланыс ақпараты Онлайн қабылдау ҚАЗАҚСТАНДА АЛҒАШҚЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» КІТАП ОҚУ МАРАФОНЫНА ТІРКЕЛУ БАСТАЛДЫ

    Қазақстанда алғашқы республикалық «Кітап оқитын ұлт» кітап оқу марафонына тіркелу басталды. Жоба еліміздің барлық өңірінен қатысушыларды біріктіріп, кітап оқуды насихаттау мен оқу мәдениетін дамытуға бағытталған ең ауқымды ұлттық бастамалардың біріне айналмақ. Марафон 2026 жылғы қыркүйек айынан 2027 жылғы сәуірге дейін қазақ және орыс тілдеріндегі екі лигада өтеді. Жоба 7 бағытты қамтиды: - «Кітап оқитын мектеп» — 6–10 сынып оқушылары; - «Кітап оқитын колледж» — колледж студенттері; - «Кітап оқитын университет» — жоғары оқу орындарының студенттері; - «Кітап оқитын педагог» — мектеп мұғалімдері мен колледж оқытушылары; - «Кітап оқитын әулет» — отбасылық командалар; - «Кітап оқитын мемлекеттік қызметші» — мемлекеттік қызметшілер; - «Кітап оқитын зияткер» — жасына және қызмет саласына шектеу қойылмайтын барлық азаматтар. Әр қатысушы өз бағыты бойынша арнайы іріктелген 330 кітаптан тұратын қордан 15 кітап оқуы қажет. Оның 165-і қазақ тілінде, 165-і орыс тілінде ұсынылған. Кітаптар тізіміне отандық авторлардың шығармалары, әлем классикасы және заманауи туындылар енді. Тізімді жасақтау кезінде жалпыұлттық дауыс беру қорытындысы бойынша «100 кітап» тізіміне енген шығармалар, сондай-ақ әдебиет саласындағы Нобель сыйлығының лауреаттары жазған туындыларды қоса алғанда, әлемдік бестселлерлер де ескерілді. Негізгі оқу кезеңі биыл қыркүйек айында басталып, 2027 жылғы наурызға дейін жалғасады. Осы уақытта қатысушылар кітаптарды оқып, жеке кабинетінде пікірлерін жариялап отырады. Ал 2027 жылғы наурыз–сәуір айларында қорытынды тестілеу мен зияткерлік квиздер өткізіледі. Өңірлік кезеңдердің жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне ақшалай сыйлықтар табысталады: 1-орын — 600 000 теңге; 2-орын — 450 000 теңге; 3-орын — 300 000 теңге. Барлық финалист дипломдармен және электронды сертификаттармен марапатталады. «Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» қоғамдық қорының төрағасы Бақытжан Тұрлыбековтің айтуынша, жобаның негізгі мақсаты байқаудың өзімен ғана шектелмейді. «Бүгін біз «Кітап оқитын ұлт» алғашқы республикалық марафонына тіркелуді ашып, осылайша жасы, мамандығы мен қызығушылығы әртүрлі адамдарды кітап төңірегіне біріктіретін үлкен жалпыұлттық қозғалысқа жол ашып отырмыз. Баршаңызды марафонға қатысуға шақырамын. Бірлесе отырып, кітап оқуды Қазақстандағы заманауи өмірдің маңызды құрамдас бөлігіне айналдыра аламыз деп сенемін. Сондай-ақ зерделі ұлттың — қуатты, білімді әрі ойлайтын ұлт екенін көрсете аламыз», — деді Бақытжан Тұрлыбеков. Қатысу ережелері, бағыттар бойынша регламенттер және кітаптар тізімі жобаның ресми сайтында жарияланған: www.reading-nation.kz Республикалық «Кітап оқитын ұлт» марафонын жүзеге асыруға жобаның бірқатар маңызды серіктестері де атсалысуда. Қазақстан Жазушылар одағы, Креативті индустрияларды дамыту қоры, KITAP және «Яндекс Кітаптар» цифрлық платформалары оқу мәдениетін дамытуға, заманауи әдеби бастамаларды қолдауға және оқырмандардың кітаппен өзара байланысуына жаңа мүмкіндіктер жасауға ықпал етпек. Жоба Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылуда.

    11 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    📚 «Кітап оқитын ұлт» – ойлайтын ұлт!

    Көксу ауданы мәслихатының аппарат басшысы А. Қожабергенов мемлекеттік қызметшілерге «Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны аясында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Кітап – білімнің ғана емес, рухани дамудың, терең ой мен парасаттың қайнар көзі. Кітап оқу арқылы адамның ой-өрісі кеңейіп, дүниетанымы қалыптасып, жаңа көзқарастар мен құндылықтар орнығады. Өскелең ұрпаққа сапалы білім мен өнегелі тәрбие беру – баршамызға ортақ міндет. Кітап оқуды күнделікті әдетке айналдырып, оқуға деген қызығушылықты арттыру арқылы білімді, саналы, ой-өрісі кең әрі бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастыруға өз үлесімізді қоса аламыз. Кітап оқиық – білімімізді арттырып, рухани әлемімізді байытайық! 📖

    11 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    ХАБАРЛАНДЫРУ

    Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10 - бабына сәйкес, 2026 жылдың 27 тамызда Көксу ауданы мәслихатының мәжіліс залында, Көксу ауданы мәслихатының VIII шақырылған кезектен тыс ХV сессиясы өткізіледі. Көксу ауданы мәслихатының кезектен тыс ХV сессиясы КҮН ТӘРТІБІ Балпық би ауылы 2026 жылғы 27 тамыз сағат: 10 -00 1. «Көксу ауданы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы.

    24 тамыз 2026 ж. – 27 тамыз 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    ХАБАРЛАНДЫРУ

    Көксу ауданы мәслихатының кезекті L IX сессиясы КҮН ТӘРТІБІ Балпық би ауылы 2026 жылғы 12 тамыз сағат:09.00 Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы «Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы» №19 Жарлығына сәйкес, Көксу ауданының әкімі өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы Көксу ауданы мәслихаты депутаттарының алдындағы есебі. 2 Басқа сұрақтар.

    31 шілде 2026 ж.Тікелей
    Бюджет

    «Көксу ауданы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2026 жылдың қазандағы бюджеттің атқарылуы туралыТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБАСЫ

    Бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарын орындау: 001бағдарлама бойынша 2026жылдың қазанғаарналған шығыстар49423,0мың теңге, игерілгені 49402,7 мың теңге немесе 99,9%орындалды. 001 бағдарламасы бойынша 2026 жылдың қазанда барлығы 49277,4 мың теңге игерілді, оның ішінде:–6 штаттық бірліктің еңбекақы төлемдеріне 36514,1 мың теңге, салықтарына 5007,0 мың теңге, –2 техникалық персоналдың еңбекақысына 2809,2 мың теңге, жарналарына 457,3 мың теңге, –мекеменің автокөлігін жанар-жағар маймен қамтамасыз етуге 731,2 мың теңге, – қызметкерлерге өзге де қорларды сатып алуға 243,0 мың теңге, –байланыс қызметтеріне 566,9 мың теңге, –ақпараттандыру саласындағы жұмыстар мен қызметтерге ақы төлеу 641,7 мың теңге, –өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеуге 1603,8 мың теңге, – ел ішіндегі іссапарлар мен қызметтік сапарларға 696,2 мың теңге, –өзге де ағымдағы шығындарға 7,0 мың теңге аударылды. 003 бағдарламасы бойынша 2026 жылғы қазан айында барлығы 125,3 мың теңге игерілді, оның ішінде: –2 ту сатып алуға 125,3 мың теңге аударылды.

    Жарияланды:
    НҚА

    2026 жылғы 28 қыркүйек № 61-250 "Көксу ауданы мәслихатының 2025 жылғы 22 желтоқсандағы «Көксу ауданының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 52-205 шешіміне өзгерістер енгізу туралы"

    Көксу ауданы мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: Көксу ауданы мәслихатының «Көксу ауданының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» 2025 жылғы 22 желтоқсандағы № 52-205 (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде № 220306 болып жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін: көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын: «1. 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджеті тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2026 жылға келесі көлемдерде бекітілсін: 1) кірістер 7 645 366 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер 1 525 353 мың теңге; салықтық емес түсімдер 91 696 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 1 684 427 мың теңге; трансферттер түсімі 4 343 890 мың теңге; 2) шығындар 8 094 035 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредиттеу 301 585 мың теңге, оның ішінде: бюджеттік кредиттер 434 632 мың теңге; бюджеттік кредиттерді өтеу 133 037 мың теңге; 4) қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо 0 теңге, оның ішінде: қаржы активтерін сатып алу 0 теңге; мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер 0 теңге; 5) бюджет тапшылығы (профициті) (-) 750 254 мың теңге; 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) 750 254 мың теңге, оның ішінде: қарыздар түсімі 2 272 749 мың теңге; қарыздарды өтеу 1 747 365 мың теңге; бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары 224 870 мың теңге.». Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын. Осы шешім 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі. Көксу ауданы мәслихатының төрағасы Ж. Бейсенбай

    Жарияланды:
    Бюджет

    «Көксу ауданы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2026 жылдың қыркүйектегі бюджеттің атқарылуы туралыТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБАСЫ

    Бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарын орындау: 001бағдарлама бойынша 2026жылдың қыркүйеккеарналған шығыстар44264,0мың теңге, игерілгені 44255,5 мың теңге немесе 99,9%орындалды.001 бағдарламасы бойынша 2026 жылдың қыркүйекте барлығы 44130,2 мың теңге игерілді, оның ішінде:–6 штаттық бірліктің еңбекақы төлемдеріне 33527,1 мың теңге, салықтарына 4542,8 мың теңге, –2 техникалық персоналдың еңбекақысына 2420,2 мың теңге, жарналарына 394,0 мың теңге, –мекеменің автокөлігін жанар-жағар маймен қамтамасыз етуге 731,2 мың теңге, – қызметкерлерге өзге де қорларды сатып алуға 243,0 мың теңге, –байланыс қызметтеріне 503,4 мың теңге, –ақпараттандыру саласындағы жұмыстар мен қызметтерге ақы төлеу 577,5 мың теңге, –өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеуге 696,2 мың теңге, – ел ішіндегі іссапарлар мен қызметтік сапарларға 487,8 мың теңге, –өзге де ағымдағы шығындарға 7,0 мың теңге аударылды. 003 бағдарламасы бойынша 2026 жылғы қыркүйек айында барлығы 125,3 мың теңге игерілді, оның ішінде: –2 ту сатып алуға 125,3 мың теңге аударылды.

    Жарияланды:
    Шешім

    2026 жылғы 28 қыркүйек № 61-253 "«Көксу ауданының Құрметті азаматы» атағын беру туралы"

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 12-1) тармақшасына және «Жетісу облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы» атағын беру қағидаларын бекіту туралы» Жетісу облыстық мәслихатының 2026 жылғы 31 шілдедегі № 40-253 шешіміне сәйкес, Көксу ауданы мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: «Көксу ауданының Құрметті азаматы» атағы осы шешімнің қосымшасына сәйкес берілсін. Осы шешімнің орындалуын бақылау Көксу ауданы мәслихатының аппарат басшысына жүктелсін. Көксу ауданы мәслихатының төрағасы Ж. Бейсенбай

    Жарияланды:
    Шешім

    2026 жылғы 28 қыркүйек № 61-252 "«2026 жылға арналған кондоминиум объектісін басқаруға арналған жарналардың ең төмен мөлшерін бекіту туралы» Көксу ауданы мәслихатының 2026 жылғы 29 мамырдағы № 57-236 шешімін жою туралы"

    Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 7-бабына,«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 46-бабына сәйкес Көксу ауданымәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. «2026 жылға арналған кондоминиум объектісін басқаруға арналған жарналардың ең төмен мөлшерін бекіту туралы» Көксу ауданымәслихатының2026 жылғы29 мамырдағы № 57-236 шешімі (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде№ 226040 болып жарияланған) жойылсын. 2.Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Көксу ауданымәслихатының төрағасыЖ. Бейсенбай

    Жарияланды:
    НҚА жобасы

    «Көксу ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережесін бекіту туралы» Көксу аудандық мәслихатының 2018 жылғы 5 наурыздағы № 27-2 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

    «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27- бабына сәйкес Көксу ауданы мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: «Көксу ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережесін бекіту туралы» Көксу аудандық мәслихатының 2018 жылғы 5 наурыздағы № 27-2 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4605 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Лауазымы Аты-жөні

    Жарияланды: