📍 Балпық би ауылы
📅 28 қыркүйек 2026 жыл
Көксу ауданы мәслихатының «Заңдылық пен құқықтық тәртіп, тұрғындарды әлеуметтік қорғау, марапаттау және депутаттардың өкілеттігі жөніндегі» және «Білім, мәдениет, денсаулық сақтау және жастар ісі жөніндегі» тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.
Жиынды «Білім, мәдениет, денсаулық сақтау және жастар ісі жөніндегі» тұрақты комиссиясының төрағасы Жексембинова Гүлден Ақанқызы жүргізді.
Отырысқа Көксу ауданы мәслихатының төрағасы Бейсенбай Жамбыл Жанатұлы, тұрақты комиссия мүшелері, депутаттар және шақырылғандар қатысты.
📌 Күн тәртібінде 4 мәселе қаралды:
1️⃣ Көксу ауданының аумағында қысқы жылыту маусымына дайындық жұмыстарын жүргізу, ауылдық елді мекендерге газ құбырын тарту, сондай-ақ газ желісі жүргізілгеннен кейін тұрғын үйлерді газ желісіне қосу мәселесі туралы.
2️⃣ «Көксу ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2025–2026 оқу жылында атқарған жұмыстары туралы.
3️⃣ Аудан аумағындағы мектептер мен балабақшаларды газ желісіне қосу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы.
4️⃣ «Көксу ауданының Құрметті азаматы» атағын беру туралы.
💬 Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті ақпараттар тыңдалып, депутаттар тарапынан сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылды.
📄 Отырыс қорытындысы бойынша күн тәртібіндегі мәселелерге қатысты тиісті қаулылар қабылданды.






