🏛️ Көксу ауданы мәслихатының кезекті 61-сессиясы өтті

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    🏛️ Көксу ауданы мәслихатының кезекті 61-сессиясы өтті

    📍 Балпық би ауылы
    📅 28 қыркүйек 2026 жыл

    Сегізінші шақырылған Көксу ауданы мәслихатының кезекті 61-сессиясы өтті.

    Сессияға 12 депутат, Көксу ауданының әкімі Халелов Дәулет Кенжеханұлы, тиісті бөлімдердің басшылары, ауылдық округ әкімдері және шақырылғандар қатысты.

    📌 Сессияның күн тәртібінде 9 мәселе қаралды:

    1️⃣ «Көксу ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2026 жылдың 9 айында атқарған жұмыстары туралы есебі.

    2️⃣ «Көксу ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2026 жылдың 9 айында атқарған жұмыстары туралы есебі.

    3️⃣ Көксу ауданы мәслихатының 2025 жылғы 22 желтоқсандағы «Көксу ауданының 2026–2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» №52-205 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

    4️⃣ Көксу ауданы мәслихатының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы «Көксу ауданының ауылдық округтерінің 2026–2028 жылдарға арналған бюджеттері туралы» №53-208 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

    5️⃣ «2026 жылға арналған кондоминиум объектісін басқаруға арналған жарналардың ең төмен мөлшерін бекіту туралы» Көксу ауданы мәслихатының 2026 жылғы 29 мамырдағы №57-236 шешімінің күшін жою туралы.

    6️⃣ «Көксу ауданының Құрметті азаматы» атағын беру туралы.

    7️⃣ Көксу ауданы әкімдігінің жанынан құрылған «Заң мен Тәртіп» конституциялық қағидатын іске асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамын бекіту туралы.

    8️⃣ Көксу ауданы әкімінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамын бекіту туралы.

    9️⃣ Көксу ауданы мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №18-73 «Көксу ауданының аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

    📝 Күн тәртібіндегі мәселелер депутаттар тарапынан жан-жақты талқыланып, әр мәселе бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

    Сессия отырысының соңында Көксу ауданының әкімі Халелов Дәулет Кенжеханұлы сөз сөйлеп, күн тәртібінде қаралған мәселелердің маңыздылығына тоқталып, депутаттарға белсенді жұмыстары үшін алғысын білдірді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары