
Кожабергенов Айдар Кожабекович
«Көксу ауданы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің аппарат басшысы
Өмірбаян
1976 жылы 19 қаңтарда Алматы облысы, Көксу ауданы, Кеңарал ауылында дүниеге келген.
1993 жылы Алматы Технологиялық институтына түсіп, 1998 жылы «инженер –технолог» мамандығы бойынша бітірген.
2006-2010 жылдары Ө.А Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясының сырттай бөлімінде оқып «қаржы» мамандығы бойынша бітірген.
2000-2001 жылдары Көксу ауданы, Кеңарал ауылы С.Қырықбаева атындағы орта мектебінің мұғалімі.
2001 -2006 жылдары Алматы қаласында жеке кәсіппен айналысқан.
2006-2007 жылдары Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласында «Қойнау» ЖШС-де шебер.
2008-2010 жылдары Текелі қаласындағы «Солодовенный завод Суфле Казахстан» Акционерлік қоғамында шебердің көмекшісі.
2011-2012 жылдары Ескелді ауданы, Қарабұлақ кентінде Алматы облысы әкімдігінің «ХҚКО» мемлекеттік мекемесінің инспекторы.
2012-2016 жылдары «Көксу ауданы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы.
2016 жылдан қазіргі уақытқа дейін «Көксу ауданы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің аппарат басшысы.
Еңбектері үшін Аудан әкімінің «Алғыс хатымен» (2014 ж) , «Қазақстан Республикасы мәслихаттарына 20 жыл» «Құрмет грамотасымен» (2016 ж), Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының «Алғыс хатымен», (2017 ж), Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасы Қ.Қожамжаровтың Алғысымен. (2019 ж), «Қазақстан Республикасы мәслихаттарына 25 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.
