
Бейсенбай Жамбыл Жанатұлы
Көксу ауданы мәслихатының төрағасы
Өмірбаян
Бейсенбай Жамбыл Жанатұлы Талдықорған облысы Қаратал ауданы Үштөбе қаласында 1985 жылы қаңтар айының 15 жұлдызында дүниеге келген.
2002 жылы Т.Рысқұлов атындағы қазақ экономикалық универитетіне түсіп, «қаржы және несие» мамандығы бойынша толық курсын 2006 жылы бітірген. 2003-2005 жылдар аралығында аталған университеттің әскери кафедрасында оқып, «әскерлерді қаржылық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша «Лейтенант» атағын алып шыққан. 2008-2010 жылдар аралығында Ө.А.Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясында «құқықтану» мамандығы бойынша сырттай оқып, екінші жоғары білім алған.
Еңбек жолын 2006 жылдың 23-ші қазанында Алматы облысы бойынша салық комитетінің компьютерлік техника операторы болып бастаған.
2007 жылдың 10-шы сәуірінен бастап Алматы облысы бойынша салық комитетінің инспекторы, 2007 жылдың 2-ші шілдесінен бастап Алматы облысы бойынша салық комитетінің салықтарды өндіріп алу басқармасы қаржы берешегімен жұмыс жасау бөліміне жетекші салық инспекторы, 2010 жылдың 10-шы тамызынан бастап Алматы облысы бойынша салық департаментінің мәжбүрлеп өндіріп алу басқармасы өндіріп алу бөлімінің бас салық инспекторы болып қызмет атқарған.
2011 жылдың 2-ші қарашасында Алматы облысы бойынша салық департаментінің Талдықорған қаласы бойынша салық басқармасының мәжбүрлеп өндіріп алу бөлімінің бастығы лауазымына тағайындалған.
2013 жылдың 25-ші ақпанынан бастап Алматы облысы бойынша салық департаментінің Көксу ауданы бойынша салық басқармасының бастығының орынбасары, 2014 жылдың 10-шы ақпанынан бастап Алматы облысы бойынша салық депертаментінің Банкроттық және оңалту басқармасының басшысы, 2014 жылдың 10-шы қарашасынан Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер депертаментінің борыштармен жұмыс басқармасының оңалту және банкроттық бөлімінің басшысы, 2015 жылдың 30-шы сәуірінен Алматы облысы «Көксу ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы, 2017-2021 жылдар аралығында Алматы облысы Көксу ауданы әкімі аппаратының басшысы лауазымдарында қызмет атқарған.
2021-2023 жылдар аралығында Көксу ауданының әкімінің орынбасары лауазымдарында қызмет атқарған.
2023 жылдан бастап Көксу ауданыны мәслихатының төрағасы лауазымында қызмет етіп келеді.
2021 жылы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен, Мемлекеттік органдардағы абыройлы қызметі мен лауазымдық міндеттерін мүлтіксіз атқарғаны үшін Алматы облысы әкімінің «Құрмет грамотасымен», Қазақстан Республикасының Президентін сайлау науқанына дайындық және оны өткізу жұмыстарына қосқан елеулі үлесі үшін 2022 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың алғыс хатымен марапатталған.
