Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Үміткер қызметке орналасу үшін қандай конкурстық рәсімдерден өтеді?

    Жауап

    Кандидаттар мынадай конкурстық рәсімдерден өтеді: жазбаша-сөйлеу дағдыларын тексеру (жазбаша жұмысты орындау); саясаттану бойынша білімдерін тексеру; дене дайындығын тексеру (ерлер – 3000 м., 100 м. жүгіру, белтемірде тартылу; әйелдер – 1000 м., 100 м. жүгіру, кешенді-күштік жаттығу); кәсіби құзыреттілік деңгейін бағалау; медициналық куәландыру. Конкурс өткізілетін жерге бару және кері қайту, тұрғын жай және басқа да шығындарды кандидат өз қаражатынан төлейді. Конкурстық рәсімдердің нәтижелері бойынша конкурстық комиссия офицерлік лауазымға тағайындауға ұсыну немесе ұсынбау туралы шешім қабылдайды. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери қарсы барлау және әскери полиция бөлімшелеріне әскери қызметке қабылдау тәртібі «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен регламенттеледі.

    ·
    Сұрақ

    Арнайы тексеру жүргізу үшін қандай құжаттар қажет?

    Жауап

    Арнайы тексеру жүргізу үшін кандидат ҰҚО кадрлар қызметіне мыналарды ұсынады: өз қолымен толтырылған сауалнама; өз қолымен толтырылған өмірбаян; қажетті құжаттардың түпнұсқалары (бар болған кезде), оның ішінде: жеке куәлік (не болмаса Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты); туу туралы куәлік; неке қию туралы куәлік; жалпы орта білімі туралы аттестат; техникалық және кәсіби білімі туралы не болмаса қосымшасымен ортадан кейінгі білімі туралы диплом; жоғары білімі туралы диплом және оның қосымшасы (транскрип); әскери билет не болмаса тіркеу куәлігі; еңбек кітапшасы не болмаса еңбек жолын растайтын құжаттар; 9х12 көлемдегі үш дана және 3,5×4,5 көлемдегі алты дана фотосурет (бас киімсіз); жақын туыстарының (ата-аналары, балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бiр және ата-анасы бөлек аға-iнiлерi,апа-сiңлiлерi, қарындастары, аталары, әжелерi, немерелерi) және зайыбының (жұбайының) жақын туыстарының құжаттары.

    ·
    Сұрақ

    Кандидат қызметке іріктеу кезінде не өтеді?

    Жауап

    Іріктеу кезінде кандидат: кадрлар бөлімшесінде әңгімелесуден; заңнамаларды, мемлекеттік тілді жәнекомпьютерлік сауаттылық деңгейін тексеру бойыншатестілеуден; жоспарланып отырған қызмет бағыты бойынша заңнамаларды білуге компьютерлік тестілеуден; қызметке жарамдылығын анықтау үшін әскери-дәрігерлік комиссияларда медициналық, психофизиологиялық және полиграфологиялық зерттеуден; өзіне, жақын туыстарына (ата-аналарына, балаларына, асырап алушыларына, асырап алынған балаларына, ата-анасы бiр және ата-анасы бөлек аға-iнiлерiне және апа-сiңлiлерiне, қарындастарына, аталарына, әжелерiне, немерелерiне) және жұбайының (зайыбының) жақын туыстарына арнайы тексеруден өтеді. Бірінші кезеңнен өткеннен соң кандидат нақты бос лауазымға тағайындалу үшін конкурсты хабарлауды күтеді.

    ·
    Сұрақ

    Ұлттық қауіпсіздік органдарына қызметке үміткерге қандай талаптар қойылады?

    Жауап

    Қызметке қабылданатын кандидатқа мынадай талаптар қойылады: Офицерлік құрам лауазымына: жоғары білімі бар адамдар; кандидаттың алған жоғары білімі бойынша орташа балы оқу жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингілік әріптік жүйесіне сәйкес 2,67 (В-) (дәстүрлі бағалау шкаласы бойынша 4 балдан кем емес) кем болмауы тиіс. Кандидатта сирек кездесетін мамандығы (оның ішінде техникалық және медициналық бейін), мамандандырылған білімі (оның ішінде сирек шет тілдерін білуі), Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында, Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында, құқық қорғау органдарында жедел-қызметтік іс-қимылдың өзекті бағыттары бойынша практикалық қызметтің белгілі бір тәжірибесі болған кезде, сондай-ақ ғылыми дәрежесі, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық, оқытушылық қызмет тәжірибесі немесе спорттық жетістіктері болған кезде алған жоғары білімі бойынша орташа балын оқу жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингілік әріптік жүйесіне сәйкес 1,0 (D-)-ға дейін (дәстүрлі бағалау шкаласы бойынша 3 балдан кем емес) төмендетуге жол беріледі. Сержанттар құрамының лауазымына: болжанып отырған қызметтік іс-қимылдың бейіні бойынша ұқсас ортадан кейінгі немесе жоғары білімі бар адамдар; қызмет мерзімі аяқталғаннан кейін мерзімді әскери қызмет өткерген әскери қызметшілер; қатардағы жауынгерлер (матростар), запастағы сержанттар (старшиналар).

    ·
    Сұрақ

    Қандай адам ұлттық қауіпсіздік органдарына қызметке қабылдана алмайды?

    Жауап

    Қызметке: 1) Қазақстан Республикасының заңында белгiленген тәртiппен әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулi деп танылған, әскери-дәрiгерлiк комиссияның қорытындысына сәйкес лауазымдық өкiлеттiктердi орындауға кедергi келтiретiн сырқаты бар; 2) қызметкердің қызметте болуына байланысты заңда белгіленген шектеулерді және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердi қабылдаудан бас тартқан; 3) қызметке тұрар алдында үш жыл iшiнде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн тәртiптiк жауаптылыққа тартылған, қызметке тұрар алдында бiр жыл iшiнде қасақана құқық бұзушылығы үшiн сот тәртiбiмен әкiмшiлiк жаза қолданылған, қызметке тұрар алдында үш жыл iшiнде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн сот тәртiбiмен әкiмшiлiк жаза қолданылған, қызметке тұрғанға дейін өзіне қатысты үш жылдың ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін соттың айыптау үкімі шығарылған немесе қызметке тұрғанға дейін үш жылдың ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған; 4) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн жұмыстан (қызметтен) шығарылған, сондай-ақ мемлекеттік қызметтен, өзге де арнаулы мемлекеттік органдардан, құқық қорғау органдарынан, соттардан және әділет органдарынан теріс себептер бойынша шығарылған; 5) арнайы тексеруден өтпеген және (немесе) өзі не өзінің жақын туыстары (ата-анасы, балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бiр және ата-анасы бөлек аға-iнiлерi және апа-сiңлiлерi, қарындастары, аталары, әжелерi, немерелерi) немесе зайыбы (жұбайы) және оның жақын туыстары туралы көрінеу жалған мәліметтер хабарлаған; 6) жақын туыстары (ата-анасы, балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бiр және ата-анасы бөлек аға-iнiлерi және апа-сiңлiлерi, қарындастары, аталары, әжелерi, немерелерi) не зайыбы (жұбайы) немесе оның жақын туыстары ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған; 7) қызметке жарамдылығын анықтау үшін әскери-дәрігерлік комиссияларда психофизиологиялық немесе медициналық куәландырудан немесе полиграфологиялық зерттеуден өтпеген адам қабылданбайды. Ұлттық қауіпсіздік органдары кандидатқа қызметке қабылдаудан бас тартудың анықталған себебін түсіндірмеуге құқылы екенін атап өту қажет.

    ·
    Сұрақ

    Қызметке қалай орналасуға болады?

    Жауап

    Ұлттық қауіпсіздік органдарына қызметке келісімшарт бойынша қабылдау «Арнаулы мемлекеттік органдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңның 7, 8, 9, 10-баптарымен регламенттелген. Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына қызметке келісімшарт бойынша он сегіз жасқа толған әрекетке қабілетті адамдар қабылданады. Кандидаттың білім деңгейі, жұмыс тәжірибесі, дене дайындығы және денсаулығы ҰҚО белгілеген талаптарға сәйкес болуы тиіс. ҰҚК жедел бөлімшелеріне жасы 23-тен кіші емес азаматтар қабылданады. Қызметте болудың шекті жасы 47 жасты (майор атағын қоса алғанда) және 55 жасты (полковниктер үшін) құрайды. Сондай-ақ25 және одан да көп жыл жалпы еңбек өтілі бар ҰҚК қызметкерлері еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар, оның кемiнде 12,5 жылын ұлттық қауіпсіздік органдарындағы үзіліссiз қызмет құрауы тиіс. Қызметке қабылдау кезінде азаматтар қызметке жарамдылығын анықтау үшін міндетті түрде әскери-дәрігерлік комиссияларда медициналық және психофизиологиялық тексеруден, сондай-ақ полиграфологиялық зерттеуден өтеді. Қызметке қабылдау конкурстық негізде екі кезеңде жүзеге асырылады.

    ·
    Бұйрық

    «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының гауптвахтасында сотталғандарды ұстаудың ішкі тәртіптемесі мен тәртібінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2014 жылғы 25 қыркүйектегі № 319 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2026 жылғы 3 шілдедегі № 55/қе бұйрығы

    «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының гауптвахтасында сотталғандарды ұстаудың ішкі тәртіптемесі мен тәртібінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2014 жылғы 25 қыркүйектегі № 319 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН: «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының гауптвахтасында сотталғандарды ұстаудың ішкі тәртіптемесі мен тәртібінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2014 жылғы 25 қыркүйектегі № 319 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9842 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін: аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының гауптвахтасында сотталғандарды ұстаудың ішкі тәртіптемесі мен тәртібінің қағидаларында: 125-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «Сотталған әскери қызметшілердің қайтыс болуы туралы ӘПО басшылығы тез арада прокурорға, зайыбына (жұбайына) немесе жеке істе көрсетілген жақын туыстарына, әскери бөлім қолбасшылығына хабарлайды.». Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Әскери полициясы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсына орналастыруды; 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты Е. Сағымбаев

    Жарияланды:
    Бұйрық

    «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полиция органдарының патрульдеуді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2023 жылғы 5 маусымдағы № 36/қе бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2026 жылғы 1 шілдедегі № 52/қе бұйрығы

    «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полиция органдарының патрульдеуді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2023 жылғы 5 маусымдағы № 36/қе бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН: «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полиция органдарының патрульдеуді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2023 жылғы 5 маусымдағы № 36/қе бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32704 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полиция органдарының патрульдеуді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларында: 2-тармақ мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын: «5) тасымалданатын бейнетіркегіш (бұдан әрі – бейнежетон) – құқық бұзушылықтың жасалу фактілерін, сондай-ақ әскери полиция органдары әскери қызметшілерінің әрекеттерін аудио- және бейнетіркеуін жүзеге асыруға арналған портативті техникалық құрылғы.»; 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «6. Әскери полиция органдарының әскери көлік құралдарының жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында патрульдеу жүргізу тәртібі «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары автокөлік құралдарының жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2013 жылғы 23 қыркүйектегі № 445/ҚБП бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 8841 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.»; 12-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Патруль жетекшісі қосымша бейнежетон алады.». Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Әскери полициясы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсына орналастыруды; 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты Е. Сағымбаев

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Премьер-Министрдің өкімімен бекітілген Құқықтық актілер тізбесінде көрсетілген құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау туралы ақпарат

    Қазақстан Республикасы Үкіметінің регламентіне 13-қосымша 2026 жылғы «30» маусым жағдай бойынша қабылданған заңнамалық актілерді іске асыру туралы ақпарат (Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне күзет қызметі, тұрғын үй қатынастары және құқық қорғау қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2026 жылғы 12 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы (заңның атауы, күні, №) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне күзет қызметі, тұрғын үй қатынастары және құқық қорғау қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2026 жылғы 12 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» 2026 жылғы 13 сәуірдегі № 43-ө Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімі (Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі тиісті өкімінің атауы, күні, №) № п/п Құқықтық актінің атауы Актінің нысаны Орындауға жауапты мемлекеттік орган Орындау мерзімі Қаулы жобасының Үкімет Аппаратына енгізілген, заңға тәуелді актінің қабылданған, мемлекеттік тіркелген күні (егер мерзімінде орындалмаса, онда орындаудың қай сатысында екені көрсетіледі) Қосымша ақпарат 1 2 3 4 5 6 7 1. 13. Құпия Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы ҰҚК (келісу бойынша) 2026 жылғы сәуір Орындалды. А.ж. 24 сәуірінде № М06948-010-004қбп нөмірімен Үкімет аппаратына орындау мерзімін ұзарту туралы хат жіберілді. Премьер-Министрдің орынбасары - Үкімет аппараты Басшысының 2026 жылғы 28 сәуірдегі № 20-06/2481дсп 13-т резолюциясына сәйкес орындау мерзімі 2026 жылғы 30 маусымға дейін ұзартылды. ҰҚК Төрағасының 2026 жылғы 30 маусымдағы № 012 бұйрығы. 2. 14. «Қызметтік тұрғынжайларды ұстау және орталықтандырылған жылыту бюджет қаражаты есебінен қамтамасыз етілетін, сондай-ақ қызметтік тұрғынжайы жекешелендіруге жатпайтын жабық және оқшауланған әскери қалашықтардың, өзге де жабық объектілердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2025 жылғы 9 қыркүйектегі № 81нс бұйрығының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұйрығы ҰҚК (келісім бойынша) 2026 жылғы сәуір Орындалды. А.ж. 29 сәуірінде № А/ЗД/5736 нөмірімен Үкімет аппаратына орындау мерзімін ұзарту туралы хат жіберілді. Премьер-Министрдің орынбасары - Үкімет аппараты Басшысының 2026 жылғы 30 сәуірдегі № 20-06/2580 14-т резолюциясына сәйкес орындау мерзімі 2026 жылғы 30 мамырға дейін ұзартылды. А.ж. 23 мамырдағы № 34/қеҰҚК Төрағасының бұйрығымен бұйрық күші жойылды деп танылды. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне цифрландыру, көлік және кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2026 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы (заңның атауы, күні, №) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне цифрландыру, көлік және кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2026 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» 2026 жылғы 13 мамырдағы № 71-ө Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімі (Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі тиісті өкімінің атауы, күні, №) № п/п Құқықтық актінің атауы Актінің нысаны Орындауға жауапты мемлекеттік орган Орындау мерзімі Қаулы жобасының Үкімет Аппаратына енгізілген, заңға тәуелді актінің қабылданған, мемлекеттік тіркелген күні (егер мерзімінде орындалмаса, онда орындаудың қай сатысында екені көрсетіледі) Қосымша ақпарат 1 2 3 4 5 6 7 1. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығы туралы ережені бекіту жөнінде» 2013 жылғы 24 маусымдағы № 588 Жарлығына өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы ҰҚК (келісу бойынша) 2026 жылғы мамыр Орындалды А.ж.9 сәуірде № А/ЗД/4773 Президент Жарлығының жобасы ҚР Президенті Әкімшілігіне енгізілді. Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 2 мамырда № 1258 Жарлығы 2. Арнаулы сараптама кеңесінің ережесі мен құрамын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұйрығы ҰҚК (келісім бойынша) 2026 жылғы мамыр Орындалды. ҰҚК Төрағасының 2026 жылғы 14 мамырдағы № 319/қбп-қа бұйрығы. 3. Ұлттық бейнемониторинг жүйесіне міндетті түрде қосылуға жататын объектілердің тізбесін айқындау туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының бұйрығы ҰҚК (келісім бойынша) МКҚ (келісім бойынша) 2026 жылғы мамыр Орындалды. ҰҚК Төрағасының 2026 жылғы 30 мамырдағы № 347/қбп-қа бұйрығы. 4. «Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының объектілеріндегі эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2022 жылғы 21 маусымдағы № 29/қе бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұйрығы ҰҚК (келісім бойынша) 2026 жылғы мамыр Орындалды. ҰҚК Төрағасының 2026 жылғы 31 наурыздағы № 14/қе бұйрығы. 5. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 26/қе бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұйрығы ҰҚК (келісім бойынша) 2026 жылғы мамыр Орындалды. ҰҚК Төрағасының 2026 жылғы 19 мамырдағы № 32/қе бұйрығы. А.ж. 21 мамырда № 38763 Әділетминіде тіркелді 6. «Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдар саласында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2020 жылғы 6 мамырдағы № 34/қе бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұйрығы ҰҚК (келісім бойынша) 2026 жылғы мамыр Орындалды. А.ж. 28 мамырдағы № А/5/7090 нөмірімен Үкімет аппаратына орындау мерзімін ұзарту туралы хат жіберілді. Премьер-Министрдің орынбасары - Үкімет аппараты Басшысының 2026 жылғы 6 маусымдағы № 22-06/03-507 (27 т.) резолюциясына сәйкес орындау мерзімі 2026 жылғы 30 маусымға дейін ұзартылды. ҰҚК Төрағасының 2026 жылғы 26 маусымдағы № 49/қе бұйрығы. А.ж. 30 маусымдағы № 39144 Әділетминіде тіркелді ___________________________

    Жарияланды: