Үміткер қызметке орналасу үшін қандай конкурстық рәсімдерден өтеді?

    Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті

    Сұрақ

    Үміткер қызметке орналасу үшін қандай конкурстық рәсімдерден өтеді?

    Жауап

    Кандидаттар мынадай конкурстық рәсімдерден өтеді:

    • жазбаша-сөйлеу дағдыларын тексеру (жазбаша жұмысты орындау);
    • саясаттану бойынша білімдерін тексеру;
    • дене дайындығын тексеру (ерлер – 3000 м., 100 м. жүгіру, белтемірде тартылу; әйелдер – 1000 м., 100 м. жүгіру, кешенді-күштік жаттығу);
    • кәсіби құзыреттілік деңгейін бағалау;
    • медициналық куәландыру.

    Конкурс өткізілетін жерге бару және кері қайту, тұрғын жай және басқа да шығындарды кандидат өз қаражатынан төлейді.

    Конкурстық рәсімдердің нәтижелері бойынша конкурстық комиссия офицерлік лауазымға тағайындауға ұсыну немесе ұсынбау туралы шешім қабылдайды.

    Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери қарсы барлау және әскери полиция бөлімшелеріне әскери қызметке қабылдау тәртібі «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен регламенттеледі.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Арнайы тексеру жүргізу үшін қандай құжаттар қажет?

    Жауап

    Арнайы тексеру жүргізу үшін кандидат ҰҚО кадрлар қызметіне мыналарды ұсынады: өз қолымен толтырылған сауалнама; өз қолымен толтырылған өмірбаян; қажетті құжаттардың түпнұсқалары (бар болған кезде), оның ішінде: жеке куәлік (не болмаса Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты);...

    ҚР ҰҚК·
    Сұрақ

    Кандидат қызметке іріктеу кезінде не өтеді?

    Жауап

    Іріктеу кезінде кандидат: кадрлар бөлімшесінде әңгімелесуден; заңнамаларды, мемлекеттік тілді жәнекомпьютерлік сауаттылық деңгейін тексеру бойыншатестілеуден; жоспарланып отырған қызмет бағыты бойынша заңнамаларды білуге компьютерлік тестілеуден; қызметке жарамдылығын анықтау үші...

    ҚР ҰҚК·
    Сұрақ

    Ұлттық қауіпсіздік органдарына қызметке үміткерге қандай талаптар қойылады?

    Жауап

    Қызметке қабылданатын кандидатқа мынадай талаптар қойылады: Офицерлік құрам лауазымына: жоғары білімі бар адамдар; кандидаттың алған жоғары білімі бойынша орташа балы оқу жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингілік әріптік жүйесіне сәйкес 2,67 (В-) (дәстүрлі бағалау шкаласы бойын...

    ҚР ҰҚК·
    Сұрақ

    Қандай адам ұлттық қауіпсіздік органдарына қызметке қабылдана алмайды?

    Жауап

    Қызметке: 1) Қазақстан Республикасының заңында белгiленген тәртiппен әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулi деп танылған, әскери-дәрiгерлiк комиссияның қорытындысына сәйкес лауазымдық өкiлеттiктердi орындауға кедергi келтiретiн сырқаты бар; 2) қызметкердің қызметте б...

    ҚР ҰҚК·
    Сұрақ

    Қызметке қалай орналасуға болады?

    Жауап

    Ұлттық қауіпсіздік органдарына қызметке келісімшарт бойынша қабылдау «Арнаулы мемлекеттік органдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңның 7, 8, 9, 10-баптарымен регламенттелген. Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына қызметке келісімшарт бойынша он сегіз жасқа то...

    ҚР ҰҚК·