Қызметке қабылданатын кандидатқа мынадай талаптар қойылады:
Офицерлік құрам лауазымына:
жоғары білімі бар адамдар;
кандидаттың алған жоғары білімі бойынша орташа балы оқу жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингілік әріптік жүйесіне сәйкес 2,67 (В-) (дәстүрлі бағалау шкаласы бойынша 4 балдан кем емес) кем болмауы тиіс.
Кандидатта сирек кездесетін мамандығы (оның ішінде техникалық және медициналық бейін), мамандандырылған білімі (оның ішінде сирек шет тілдерін білуі), Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында, Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында, құқық қорғау органдарында жедел-қызметтік іс-қимылдың өзекті бағыттары бойынша практикалық қызметтің белгілі бір тәжірибесі болған кезде, сондай-ақ ғылыми дәрежесі, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық, оқытушылық қызмет тәжірибесі немесе спорттық жетістіктері болған кезде алған жоғары білімі бойынша орташа балын оқу жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингілік әріптік жүйесіне сәйкес 1,0 (D-)-ға дейін (дәстүрлі бағалау шкаласы бойынша 3 балдан кем емес) төмендетуге жол беріледі.
Сержанттар құрамының лауазымына:
болжанып отырған қызметтік іс-қимылдың бейіні бойынша ұқсас ортадан кейінгі немесе жоғары білімі бар адамдар;
қызмет мерзімі аяқталғаннан кейін мерзімді әскери қызмет өткерген әскери қызметшілер;
қатардағы жауынгерлер (матростар), запастағы сержанттар (старшиналар).