Арнайы тексеру жүргізу үшін қандай құжаттар қажет?
Арнайы тексеру жүргізу үшін кандидат ҰҚО кадрлар қызметіне мыналарды ұсынады:
- өз қолымен толтырылған сауалнама;
- өз қолымен толтырылған өмірбаян;
- қажетті құжаттардың түпнұсқалары (бар болған кезде), оның ішінде:
- жеке куәлік (не болмаса Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты);
- туу туралы куәлік;
- неке қию туралы куәлік;
- жалпы орта білімі туралы аттестат;
- техникалық және кәсіби білімі туралы не болмаса қосымшасымен ортадан кейінгі білімі туралы диплом;
- жоғары білімі туралы диплом және оның қосымшасы (транскрип);
- әскери билет не болмаса тіркеу куәлігі;
- еңбек кітапшасы не болмаса еңбек жолын растайтын құжаттар;
- 9х12 көлемдегі үш дана және 3,5×4,5 көлемдегі алты дана фотосурет (бас киімсіз);
- жақын туыстарының (ата-аналары, балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бiр және ата-анасы бөлек аға-iнiлерi,апа-сiңлiлерi, қарындастары, аталары, әжелерi, немерелерi) және зайыбының (жұбайының) жақын туыстарының құжаттары.