Ұлттық қауіпсіздік органдарына қызметке келісімшарт бойынша қабылдау «Арнаулы мемлекеттік органдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңның 7, 8, 9, 10-баптарымен регламенттелген.
Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына қызметке келісімшарт бойынша он сегіз жасқа толған әрекетке қабілетті адамдар қабылданады. Кандидаттың білім деңгейі, жұмыс тәжірибесі, дене дайындығы және денсаулығы ҰҚО белгілеген талаптарға сәйкес болуы тиіс.
ҰҚК жедел бөлімшелеріне жасы 23-тен кіші емес азаматтар қабылданады.
Қызметте болудың шекті жасы 47 жасты (майор атағын қоса алғанда) және 55 жасты (полковниктер үшін) құрайды. Сондай-ақ25 және одан да көп жыл жалпы еңбек өтілі бар ҰҚК қызметкерлері еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар, оның кемiнде 12,5 жылын ұлттық қауіпсіздік органдарындағы үзіліссiз қызмет құрауы тиіс.
Қызметке қабылдау кезінде азаматтар қызметке жарамдылығын анықтау үшін міндетті түрде әскери-дәрігерлік комиссияларда медициналық және психофизиологиялық тексеруден, сондай-ақ полиграфологиялық зерттеуден өтеді.
Қызметке қабылдау конкурстық негізде екі кезеңде жүзеге асырылады.