Құрылым — Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті құрылымы: ведомстволық бағынысты органдар мен ұйымдар.
Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығы
Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығы Қазақстан Республикасында терроризмге қарсы тиімді іс-қимыл жасау үшін қажетті және жеткілікті жағдай жасау, қолдау және дамыту мақсатында, соның ішінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының осы саладағы келісілген іс-қимылдарын қамтамасыз ету үшін терроризмге қарсы іс-қимылды үйлестіру саласындағы уәкілетті орган жанынан құрылатын, тұрақты жұмыс істейтін консультациялық-кеңесші орган болып табылады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі
Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Мемлекеттік шекараның тұтастығын және қол сұғылмаушылығын қамтамасыз ету, шекара кеңістігінде заңдылық пен белгіленген тәртіпті сақтау мақсатында құрлықта, аумақтық суларда (теңізде) және ішкі суларда (оның ішінде суасты ортасында) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғауды және күзетуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ведомствосы болып табылады. Шекара қызметі өз қызметін Қазақстан РеспубликасыныңКонституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілер мен халықаралық шарттарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі туралы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтауды, жолын кесуді, ашуды және тергеп-тексеруді жүзеге асыратын ведомствосы болып табылады.