«Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының гауптвахтасында сотталғандарды ұстаудың ішкі тәртіптемесі мен тәртібінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2014 жылғы 25 қыркүйектегі № 319 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2026 жылғы 3 шілдедегі № 55/қе бұйрығы

    Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті

    «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының гауптвахтасында сотталғандарды ұстаудың ішкі тәртіптемесі мен тәртібінің қағидаларын бекіту туралы»

    Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының

    2014 жылғы 25 қыркүйектегі № 319 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының гауптвахтасында сотталғандарды ұстаудың ішкі тәртіптемесі мен тәртібінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2014 жылғы 25 қыркүйектегі № 319 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9842 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

    аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының гауптвахтасында сотталғандарды ұстаудың ішкі тәртіптемесі мен тәртібінің қағидаларында:

    125-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «Сотталған әскери қызметшілердің қайтыс болуы туралы ӘПО басшылығы тез арада прокурорға, зайыбына (жұбайына) немесе жеке істе көрсетілген жақын туыстарына, әскери бөлім қолбасшылығына хабарлайды.».

    1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Әскери полициясы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсына орналастыруды;

    3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

    1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
    2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасы

    Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы

    ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты Е. Сағымбаев

    Жүктеу
    Приказ
    DOCX · 25 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Бұйрық

    «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полиция органдарының патрульдеуді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2023 жылғы 5 маусымдағы № 36/қе бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2026 жылғы 1 шілдедегі № 52/қе бұйрығы

    «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полиция органдарының патрульдеуді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2023 жылғ...

    ҚР ҰҚКЖарияланды:
    Ақпарат

    Премьер-Министрдің өкімімен бекітілген Құқықтық актілер тізбесінде көрсетілген құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау туралы ақпарат

    Қазақстан Республикасы Үкіметінің регламентіне 13-қосымша 2026 жылғы «30» маусым жағдай бойынша қабылданған заңнамалық актілерді іске асыру туралы ақпарат (Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті) «Қазақстан...

    ҚР ҰҚКЖарияланды: