Сұрақтар мен жауаптар — Нұра ауданының әкімдігі

    Нұра ауданының әкімдігі мемлекеттік қызметтер мен ресми рәсімдер бойынша сұрақтары мен жауаптары.

    Сұрақ

    Санаторий-курорттық ем алуға қайда жүгінуге болады?

    Жауап

    Мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларға санаторий-курорттық емдеу Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы №283 бұйрығымен бекітілген қағидаларға сәйкес, мүгедектігі бар адамның...

    Сұрақ

    "Шахтер-Егінді" автомобиль жолын жөндеу қашанға жоспарлануда?

    Жауап

    Автомобиль жолы «Шахтер–Егінді» облыстық маңызы бар жолдарға жатады. Аталған автомобиль жолының әкімшісі – Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы. Басқармадан келіп түскен ақпаратқа сәйкес, 2026 жылғы наурыз айында аталған автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстарын...

    Сұрақ

    «Нұра–Жараспай» автомобиль жолын жөндеу қашан жоспарланып отыр?

    Жауап

    «Нұра–Жараспай» автомобиль жолы облыстық маңызы бар жолдарға жатады. Аталған автомобиль жолының әкімшісі – Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы. Басқармадан алынған ақпаратқа сәйкес, 2026 жылғы наурыз айында аталған автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстарын жүргі...

    Сұрақ

    Жұмысқа орналасу бойынша көмекті қалай алуға болады?

    Жауап

    Жұмыс іздеп жүрген азаматтар тұрғылықты жері бойынша Халықты жұмыспен қамту жөніндегі мансап орталығына жүгінуіне болады. Орталық мамандары жұмысқа орналасуға жәрдемдеседі, қолда бар бос жұмыс орындары туралы ақпарат береді, сондай-ақ жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік бағдар...

    Сұрақ

    Қазіргі уақытта кенттегі көше жарығы жүйесі жұмыс істей ме және оны кім қызмет көрсетеді?

    Жауап

    Нұра ауданының Нұра кентінде Н. Әбдіров көшесі бойында орнатылған көшені жарықтандыруды автоматтандырылған басқару жүйесі жұмыс істеп тұр. Аталған жүйе 2024 жылғы 02 ақпанда ынтымақтастық туралы меморандум аясында пайдалануға берілді. Жүйені орнату және іске қосу жұмыстары толықт...

    Сұрақ

    Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жекешелендіруге бола ма? Қандай шарттары бар?

    Жауап

    2024 жылғы 4 желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасының азаматтары мемлекеттік тұрғын үй қорынан алынған тұрғын үйді жекешелендіруге заңды түрде құқыққа ие болды. Бұл мүмкіндік 2024 жылғы 22 қарашада Мемлекет басшысы қол қойған «Тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша...

    Сұрақ

    Мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алу үшін кезекке тұруға қандай құжаттар қажет?

    Жауап

    2025 жылғы 24 мамырдан бастап мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алу үшін кезекке тұру «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» ақпараттық жүйесі арқылы orken.otbasybank.kz порталында жүзеге асырылады.Өтініш беру үшін азамат жүйеге кіру кезінде қолданатын ЭЦҚ (электрондық цифрлы...

    Сұрақ

    Нұра ауданындағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімін қалай алуға болады?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-1 бабына сәйкес - шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін беру ерекшеліктері: Мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін шаруа немесе фермер...