«Нұра–Жараспай» автомобиль жолын жөндеу қашан жоспарланып отыр?
«Нұра–Жараспай» автомобиль жолы облыстық маңызы бар жолдарға жатады. Аталған автомобиль жолының әкімшісі – Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы.
Басқармадан алынған ақпаратқа сәйкес, 2026 жылғы наурыз айында аталған автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін мердігер ұйымды анықтау мақсатында конкурстық рәсімдер өткізу жоспарлануда.
Жөндеу жұмыстары конкурстық рәсімдер аяқталып, мердігер ұйым анықталғаннан кейін жүргізілетін болады.