Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жекешелендіруге бола ма? Қандай шарттары бар?

    Нұра ауданының әкімдігі

    Сұрақ

    Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жекешелендіруге бола ма? Қандай шарттары бар?

    Жауап

    2024 жылғы 4 желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасының азаматтары мемлекеттік тұрғын үй қорынан алынған тұрғын үйді жекешелендіруге заңды түрде құқыққа ие болды. Бұл мүмкіндік 2024 жылғы 22 қарашада Мемлекет басшысы қол қойған «Тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының қабылдануы нәтижесінде іске асты.
    Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 13-бабының 8-тармағына сәйкес, келесі санаттағы азаматтар тұрғын үйді тегін жекешелендіруге құқылы:
    Ұлы Отан соғысының ардагерлері;
    I және II топтағы мүгедектер;
    Чернобыль атом электр станциясының апатын жоюға қатысқандар;
    Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақтардың зардап шеккендері;
    Арал маңы экологиялық апатының зардап шеккендері;
    Бұрынғы КСРО-ны қорғау кезінде, соның ішінде Ауғанстандағы әскери қызмет барысында мүгедек болған әскери қызметшілер;
    20 жыл еңбек өтілі бар әскери қызметшілер, Сыртқы барлау органы қызметкерлері, Ішкі істер органдары қызметкерлері немесе мүгедек баласы бар жағдайда кемінде 10 жыл еңбек өтілі бар қызметкерлер;
    Қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің, Сыртқы барлау органы қызметкерлерінің және Ішкі істер органдары қызметкерлерінің отбасы мүшелері;
    Саяси қуғын-сүргін құрбандары;
    Ғарышкерлер және ғарышкерлерге үміткерлер.
    Қалған азаматтар мұндай тұрғын үйді қалдықтық құны бойынша сатып ала алады, яғни тұрғын үйдің баланстық құнынан физикалық тозуды шегергендегі құны бойынша. Физикалық тозу жыл сайын тұрғын үйдің баланстық құнының 2%-ын құрайды. Сонымен бірге, міндетті шарт ретінде тұрғын үйді приватизациялау туралы келісімшартта белгіленген құнының кемінде он пайызын алғашқы жарна ретінде төлеу талап етіледі. Қалдықтық құны он бес миллион теңгеден кем тұрғын үйлер он жылға дейінгі бөліп төлеу жүйесімен беріледі. Қалдықтық құны он бес миллион теңгеден асатын тұрғын үйлер он бес жылға дейінгі бөліп төлеу жүйесімен беріледі.
    Өтінішті беру eGov.kz порталы арқылы жүзеге асырылады. Өтініш берген кезде келесі құжаттарды қосу қажет:
    неке қию немесе некені бұзу туралы куәлік (бар болса);
    тұрғын үйді жалдау шарты бойынша қарыздың жоқтығын растайтын құжат;
    тұрғын үйдің бар немесе жоқ екенін растайтын анықтама;
    тұрғын үйді жалдау шарты немесе тұрғын үйге арналған ордер;
    жеңілдік санатына жататынын растайтын анықтама (бар болса), немесе жұмыс (қызмет) орнынан анықтама, немесе қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Санаторий-курорттық ем алуға қайда жүгінуге болады?

    Жауап

    Мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларға санаторий-курорттық емдеу Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы №283 бұйрығымен бекітілген қағидаларға сәйкес, мүгедектігі бар адамның...

    Сұрақ

    "Шахтер-Егінді" автомобиль жолын жөндеу қашанға жоспарлануда?

    Жауап

    Автомобиль жолы «Шахтер–Егінді» облыстық маңызы бар жолдарға жатады. Аталған автомобиль жолының әкімшісі – Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы. Басқармадан келіп түскен ақпаратқа сәйкес, 2026 жылғы наурыз айында аталған автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстарын...

    Сұрақ

    «Нұра–Жараспай» автомобиль жолын жөндеу қашан жоспарланып отыр?

    Жауап

    «Нұра–Жараспай» автомобиль жолы облыстық маңызы бар жолдарға жатады. Аталған автомобиль жолының әкімшісі – Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы. Басқармадан алынған ақпаратқа сәйкес, 2026 жылғы наурыз айында аталған автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстарын жүргі...

    Сұрақ

    Жұмысқа орналасу бойынша көмекті қалай алуға болады?

    Жауап

    Жұмыс іздеп жүрген азаматтар тұрғылықты жері бойынша Халықты жұмыспен қамту жөніндегі мансап орталығына жүгінуіне болады. Орталық мамандары жұмысқа орналасуға жәрдемдеседі, қолда бар бос жұмыс орындары туралы ақпарат береді, сондай-ақ жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік бағдар...

    Сұрақ

    Қазіргі уақытта кенттегі көше жарығы жүйесі жұмыс істей ме және оны кім қызмет көрсетеді?

    Жауап

    Нұра ауданының Нұра кентінде Н. Әбдіров көшесі бойында орнатылған көшені жарықтандыруды автоматтандырылған басқару жүйесі жұмыс істеп тұр. Аталған жүйе 2024 жылғы 02 ақпанда ынтымақтастық туралы меморандум аясында пайдалануға берілді. Жүйені орнату және іске қосу жұмыстары толықт...

    Сұрақ

    Мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алу үшін кезекке тұруға қандай құжаттар қажет?

    Жауап

    2025 жылғы 24 мамырдан бастап мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алу үшін кезекке тұру «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» ақпараттық жүйесі арқылы orken.otbasybank.kz порталында жүзеге асырылады.Өтініш беру үшін азамат жүйеге кіру кезінде қолданатын ЭЦҚ (электрондық цифрлы...

    Сұрақ

    Нұра ауданындағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімін қалай алуға болады?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-1 бабына сәйкес - шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін беру ерекшеліктері: Мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін шаруа немесе фермер...