Жұмыс іздеп жүрген азаматтар тұрғылықты жері бойынша Халықты жұмыспен қамту жөніндегі мансап орталығына жүгінуіне болады. Орталық мамандары жұмысқа орналасуға жәрдемдеседі, қолда бар бос жұмыс орындары туралы ақпарат береді, сондай-ақ жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік бағдарламаларға қатысу мәселелері бойынша кеңес береді.
Сонымен қатар, азаматтар жұмыссыз ретінде тіркеле алады. Бұл мемлекеттік қолдау шараларына қол жеткізуге мүмкіндік береді, атап айтқанда: қысқа мерзімді оқыту, жастар практикасы, қоғамдық жұмыстар, әлеуметтік жұмыс орындары, «Күміс жас» жобасы, гранттар.
Толық ақпарат алу үшін Халықты жұмыспен қамту жөніндегі мансап орталығына жүгіну немесе электрондық үкімет порталы немесе enbek.kz арқылы өтінім беру қажет.