Нұра ауданының Нұра кентінде Н. Әбдіров көшесі бойында орнатылған көшені жарықтандыруды автоматтандырылған басқару жүйесі жұмыс істеп тұр. Аталған жүйе 2024 жылғы 02 ақпанда ынтымақтастық туралы меморандум аясында пайдалануға берілді. Жүйені орнату және іске қосу жұмыстары толықтай тегін негізде жүргізілді.
Жабдықтың кепілдік пайдалану мерзімі 1 жылды құрап, 2025 жылғы 02 ақпанда аяқталды. Қазіргі уақытта көше жарығы жүйесіне әрі қарай техникалық қызмет көрсету және оны қаржыландыру мәселесі Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес белгіленген тәртіпте қарастырылуда.
Жарықтандыру жүйесінің жұмысында ақаулар туындаған жағдайда тұрғындар тиісті шаралар қабылдау үшін Нұра кенті әкімінің аппаратына жүгіне алады.