Нұра ауданындағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімін қалай алуға болады?

    Нұра ауданының әкімдігі

    Сұрақ

    Нұра ауданындағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімін қалай алуға болады?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-1 бабына сәйкес - шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін беру ерекшеліктері:

    Мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығымен беру осы бапта белгіленген тәртіппен және шарттарда шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс негізінде жүзеге асырылады.

    Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыруды және өткізуді аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады.

    Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау және тіркеу – өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде, ал қайта конкурс өткізілген жағдайда он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

    Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты жер комиссиясы осы Кодекстің 43-бабының 2-тармағына сәйкес өткізеді.

    Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазын жер комиссиясы тиісті өлшемшарттарды ескере отырып, балл беру арқылы конкурстық ұсыныстарды салыстыру негізінде айқындайды.

    Жер комиссиясы конкурстық ұсыныстарды бағалайды, салыстырады және жеңіп шыққан конкурстық өтінімді айқындайды.

    Сұрақ: Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу үшін кезекке қоюдан қандай жағдайда бас тарта алады?

    Жауап: «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 72 бабына сәйкес жалғыз тұрғынжайы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен авариялық деп танылған азаматтарға тұрғынжайы авариялық деп танылған елді мекеннен тыс жерде өтініш білдірген кезде, сондай-ақ, егер азаматтың соңғы бес жылдың iшiнде өз тұрғын үй жағдайларын қасақана нашарлатуы салдарынан мынадай жолдармен мұқтажға айналғаны:

    • тұрғын үй-жайын ауыстырғаны;
    • оның Қазақстан Республикасының белгiлi бiр елдi мекенiнде орналасуына қарамастан, өзiне меншiк құқығымен тиесiлi, тұру үшiн жарамды тұрғын үйдi, жергiлiктi атқарушы орган тұрғын үйдi осы Заңның 98-1-бабына сәйкес сатып алғаннан басқа жағдайларда, иелiгiнен шығаруы;
    • тұрғын үйдiң өз кiнәсiнен бұзылуы немесе бүлiнуi;
    • тұрған кезiнде оның мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж болмаған кезде тұрғын үйiнен кетуi;
    • жұбайынан, кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз балаларынан, сондай-ақ еңбекке жарамсыз ата-аналарынан басқа адамдарды тұрғызғаны анықталса, мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғынжай немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғынжай беру үшiн есепке қоюдан бас тартылады.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Санаторий-курорттық ем алуға қайда жүгінуге болады?

    Жауап

    Мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларға санаторий-курорттық емдеу Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы №283 бұйрығымен бекітілген қағидаларға сәйкес, мүгедектігі бар адамның...

    Сұрақ

    "Шахтер-Егінді" автомобиль жолын жөндеу қашанға жоспарлануда?

    Жауап

    Автомобиль жолы «Шахтер–Егінді» облыстық маңызы бар жолдарға жатады. Аталған автомобиль жолының әкімшісі – Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы. Басқармадан келіп түскен ақпаратқа сәйкес, 2026 жылғы наурыз айында аталған автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстарын...

    Сұрақ

    «Нұра–Жараспай» автомобиль жолын жөндеу қашан жоспарланып отыр?

    Жауап

    «Нұра–Жараспай» автомобиль жолы облыстық маңызы бар жолдарға жатады. Аталған автомобиль жолының әкімшісі – Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы. Басқармадан алынған ақпаратқа сәйкес, 2026 жылғы наурыз айында аталған автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстарын жүргі...

    Сұрақ

    Жұмысқа орналасу бойынша көмекті қалай алуға болады?

    Жауап

    Жұмыс іздеп жүрген азаматтар тұрғылықты жері бойынша Халықты жұмыспен қамту жөніндегі мансап орталығына жүгінуіне болады. Орталық мамандары жұмысқа орналасуға жәрдемдеседі, қолда бар бос жұмыс орындары туралы ақпарат береді, сондай-ақ жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік бағдар...

    Сұрақ

    Қазіргі уақытта кенттегі көше жарығы жүйесі жұмыс істей ме және оны кім қызмет көрсетеді?

    Жауап

    Нұра ауданының Нұра кентінде Н. Әбдіров көшесі бойында орнатылған көшені жарықтандыруды автоматтандырылған басқару жүйесі жұмыс істеп тұр. Аталған жүйе 2024 жылғы 02 ақпанда ынтымақтастық туралы меморандум аясында пайдалануға берілді. Жүйені орнату және іске қосу жұмыстары толықт...

    Сұрақ

    Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жекешелендіруге бола ма? Қандай шарттары бар?

    Жауап

    2024 жылғы 4 желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасының азаматтары мемлекеттік тұрғын үй қорынан алынған тұрғын үйді жекешелендіруге заңды түрде құқыққа ие болды. Бұл мүмкіндік 2024 жылғы 22 қарашада Мемлекет басшысы қол қойған «Тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша...

    Сұрақ

    Мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алу үшін кезекке тұруға қандай құжаттар қажет?

    Жауап

    2025 жылғы 24 мамырдан бастап мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алу үшін кезекке тұру «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» ақпараттық жүйесі арқылы orken.otbasybank.kz порталында жүзеге асырылады.Өтініш беру үшін азамат жүйеге кіру кезінде қолданатын ЭЦҚ (электрондық цифрлы...