2025 жылғы 24 мамырдан бастап мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алу үшін кезекке тұру «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» ақпараттық жүйесі арқылы orken.otbasybank.kz порталында жүзеге асырылады.
Өтініш беру үшін азамат жүйеге кіру кезінде қолданатын ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) қажет.
Процесс толық цифрландырылған — қажетті мәліметтер (отбасы құрамы, тұрғын үйдің бар-жоғы, кірістер және басқа да ақпараттар) мемлекеттік ақпараттық базалардан автоматты түрде жүктеледі.
Ерекше жағдай — жалғыз баспанасы апатты деп танылған Қазақстан Республикасының азаматтары. Олар электрондық форматта тұрғын үйдің апатты екенін растайтын тиісті қорытындыны қосымша тіркеуі қажет.