Нұра ауданының әкімдігі

    Жалпы ақпарат

    Нұра ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі аудан әкімдігі мен әкімінің қызметін ұйымдастырушылық, құқықтық, ақпараттық-талдау, консультативтік және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органы болып табылады.
    Өз қызметін Конституцияның және Қазақстан Республикасының ережелеріне сәйкес жүзеге асырады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Санаторий-курорттық ем алуға қайда жүгінуге болады?

    Жауап

    Мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларға санаторий-курорттық емдеу Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы №283 бұйрығымен бекітілген қағидаларға сәйкес, мүгедектігі бар адамның жеке абилитация және оңалту бағдарламасы негізінде ұсынылады. «Мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларды санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету үшін құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызметі «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетіледі. Санаторий-курорттық ем алуға өтінімді Egov.kz веб-порталы арқылы беруге болады.

    ·
    Сұрақ

    "Шахтер-Егінді" автомобиль жолын жөндеу қашанға жоспарлануда?

    Жауап

    Автомобиль жолы «Шахтер–Егінді» облыстық маңызы бар жолдарға жатады. Аталған автомобиль жолының әкімшісі – Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы. Басқармадан келіп түскен ақпаратқа сәйкес, 2026 жылғы наурыз айында аталған автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін мердігер ұйымды анықтау мақсатында конкурстық рәсімдерді өткізу жоспарлануда. Жөндеу жұмыстары конкурстық рәсімдер аяқталып, мердігер анықталғаннан кейін жүргізілетін болады.

    ·
    Сұрақ

    «Нұра–Жараспай» автомобиль жолын жөндеу қашан жоспарланып отыр?

    Жауап

    «Нұра–Жараспай» автомобиль жолы облыстық маңызы бар жолдарға жатады. Аталған автомобиль жолының әкімшісі – Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы. Басқармадан алынған ақпаратқа сәйкес, 2026 жылғы наурыз айында аталған автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін мердігер ұйымды анықтау мақсатында конкурстық рәсімдер өткізу жоспарлануда. Жөндеу жұмыстары конкурстық рәсімдер аяқталып, мердігер ұйым анықталғаннан кейін жүргізілетін болады.

    ·
    Сұрақ

    Жұмысқа орналасу бойынша көмекті қалай алуға болады?

    Жауап

    Жұмыс іздеп жүрген азаматтар тұрғылықты жері бойынша Халықты жұмыспен қамту жөніндегі мансап орталығына жүгінуіне болады. Орталық мамандары жұмысқа орналасуға жәрдемдеседі, қолда бар бос жұмыс орындары туралы ақпарат береді, сондай-ақ жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік бағдарламаларға қатысу мәселелері бойынша кеңес береді. Сонымен қатар, азаматтар жұмыссыз ретінде тіркеле алады. Бұл мемлекеттік қолдау шараларына қол жеткізуге мүмкіндік береді, атап айтқанда: қысқа мерзімді оқыту, жастар практикасы, қоғамдық жұмыстар, әлеуметтік жұмыс орындары, «Күміс жас» жобасы, гранттар. Толық ақпарат алу үшін Халықты жұмыспен қамту жөніндегі мансап орталығына жүгіну немесе электрондық үкімет порталы немесе enbek.kz арқылы өтінім беру қажет.

    ·
    Сұрақ

    Қазіргі уақытта кенттегі көше жарығы жүйесі жұмыс істей ме және оны кім қызмет көрсетеді?

    Жауап

    Нұра ауданының Нұра кентінде Н. Әбдіров көшесі бойында орнатылған көшені жарықтандыруды автоматтандырылған басқару жүйесі жұмыс істеп тұр. Аталған жүйе 2024 жылғы 02 ақпанда ынтымақтастық туралы меморандум аясында пайдалануға берілді. Жүйені орнату және іске қосу жұмыстары толықтай тегін негізде жүргізілді. Жабдықтың кепілдік пайдалану мерзімі 1 жылды құрап, 2025 жылғы 02 ақпанда аяқталды. Қазіргі уақытта көше жарығы жүйесіне әрі қарай техникалық қызмет көрсету және оны қаржыландыру мәселесі Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес белгіленген тәртіпте қарастырылуда. Жарықтандыру жүйесінің жұмысында ақаулар туындаған жағдайда тұрғындар тиісті шаралар қабылдау үшін Нұра кенті әкімінің аппаратына жүгіне алады.

    ·
    Сұрақ

    Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жекешелендіруге бола ма? Қандай шарттары бар?

    Жауап

    2024 жылғы 4 желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасының азаматтары мемлекеттік тұрғын үй қорынан алынған тұрғын үйді жекешелендіруге заңды түрде құқыққа ие болды. Бұл мүмкіндік 2024 жылғы 22 қарашада Мемлекет басшысы қол қойған «Тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының қабылдануы нәтижесінде іске асты. Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 13-бабының 8-тармағына сәйкес, келесі санаттағы азаматтар тұрғын үйді тегін жекешелендіруге құқылы: Ұлы Отан соғысының ардагерлері; I және II топтағы мүгедектер; Чернобыль атом электр станциясының апатын жоюға қатысқандар; Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақтардың зардап шеккендері; Арал маңы экологиялық апатының зардап шеккендері; Бұрынғы КСРО-ны қорғау кезінде, соның ішінде Ауғанстандағы әскери қызмет барысында мүгедек болған әскери қызметшілер; 20 жыл еңбек өтілі бар әскери қызметшілер, Сыртқы барлау органы қызметкерлері, Ішкі істер органдары қызметкерлері немесе мүгедек баласы бар жағдайда кемінде 10 жыл еңбек өтілі бар қызметкерлер; Қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің, Сыртқы барлау органы қызметкерлерінің және Ішкі істер органдары қызметкерлерінің отбасы мүшелері; Саяси қуғын-сүргін құрбандары; Ғарышкерлер және ғарышкерлерге үміткерлер. Қалған азаматтар мұндай тұрғын үйді қалдықтық құны бойынша сатып ала алады, яғни тұрғын үйдің баланстық құнынан физикалық тозуды шегергендегі құны бойынша. Физикалық тозу жыл сайын тұрғын үйдің баланстық құнының 2%-ын құрайды. Сонымен бірге, міндетті шарт ретінде тұрғын үйді приватизациялау туралы келісімшартта белгіленген құнының кемінде он пайызын алғашқы жарна ретінде төлеу талап етіледі. Қалдықтық құны он бес миллион теңгеден кем тұрғын үйлер он жылға дейінгі бөліп төлеу жүйесімен беріледі. Қалдықтық құны он бес миллион теңгеден асатын тұрғын үйлер он бес жылға дейінгі бөліп төлеу жүйесімен беріледі. Өтінішті беру eGov.kz порталы арқылы жүзеге асырылады. Өтініш берген кезде келесі құжаттарды қосу қажет: неке қию немесе некені бұзу туралы куәлік (бар болса); тұрғын үйді жалдау шарты бойынша қарыздың жоқтығын растайтын құжат; тұрғын үйдің бар немесе жоқ екенін растайтын анықтама; тұрғын үйді жалдау шарты немесе тұрғын үйге арналған ордер; жеңілдік санатына жататынын растайтын анықтама (бар болса), немесе жұмыс (қызмет) орнынан анықтама, немесе қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі.

    ·
    Ақпарат

    Қазақстандықтар ХҚКО-ларда 1,5 миллионнан астам төлқұжат пен жеке куәлік рәсімдеді

    Жеке куәлік пен төлқұжат алу – қазақстандықтар арасында сұранысқа ие мемлекеттік қызметтердің бірі. Жыл сайын миллиондаған азамат осы құжаттарды рәсімдеу үшін ХҚКО-ларға жүгінеді. Қызметті тез әрі еш қиындықсыз алу үшін рәсімдеу тәртібін алдын ала білген жөн. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында қазақстандықтарға 1,5 миллионнан астам жеке куәлік пен төлқұжат берілді. Ең жоғары сұраныс дәстүрлі түрде демалыс пен саяхат маусымына тұспа-тұс келіп, маусым айында 269 мыңнан астам құжат рәсімделді. Төлқұжат пен жеке куәлікті ХҚКО-да тез әрі ыңғайлы рәсімдеу үшін нені білу қажет? Төлқұжат рәсімдеу Төлқұжатты тіркелген жеріңізге қарамастан, Қазақстанның кез келген ХҚКО-сында рәсімдеуге болады, өйткені қызмет экстерриториялық қағидат бойынша көрсетіледі. Төлқұжатты алғаш рет алу үшін жеке куәлікті ұсыну жеткілікті. Егер төлқұжаттың жарамдылық мерзімі аяқталуға жақын болса, оны алдын ала ауыстырған жөн. Бұл ретте төлқұжатты уақытында ауыстырмағаны немесе оның жарамдылық мерзімі өтіп кеткені үшін айыппұл қарастырылмаған. Қызметті оператор арқылы немесе құжаттандыру терминалы арқылы алуға болады. Төлқұжат рәсімдеу кезінде кәмелетке толған азаматтар 36 немесе 48 беттен тұратын төлқұжатты таңдай алады. 36 беттік төлқұжат үшін мемлекеттік баж – 34 600 теңге, ал 48 беттік төлқұжат үшін – 51 900 теңге. 16 жасқа дейінгі балаларға арналған 24 беттік төлқұжаттың құны – 17 300 теңге. Төлқұжатты дайындаудың стандартты мерзімі – 15 жұмыс күні. Қажет болған жағдайда жеделдетілген рәсімдеу қызметін пайдалануға болады. Астана, Алматы, Шымкент және Ақтөбе қалаларында төлқұжатты 1, 3 немесе 7 жұмыс күні ішінде жедел рәсімдеу мүмкіндігі бар. Облыс орталықтарында жедел рәсімдеу мерзімі 3 жұмыс күні, ал аудандар мен облыстық маңызы бар қалаларда 7 жұмыс күнін құрайды. Өтініш берілген күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді. Жеделдетілген рәсімдеу қызметі қолданыстағы тарифтерге сәйкес қосымша ақыға көрсетіледі. Балаға төлқұжат рәсімдеу үшін оның туу туралы куәлігі, ата-анасының бірінің жеке куәлігі және мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат қажет. Өтініш берген кезде ата-анасының бірінің қатысуы міндетті Жеке куәлік рәсімдеу Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі 16 жасқа толған кезде рәсімделеді. Жеке куәлікті алғаш рет алған кезде және оның қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін ауыстырған жағдайда мемлекеттік баж алынбайды. Ал құжат жоғалған жағдайда мемлекеттік баж мөлшері 865 теңгені құрайды. Қажет болған жағдайда жеке куәлікті де жеделдетілген тәртіппен рәсімдеуге болады. Ол үшін қолданыстағы жеделдік санаттарының бірін таңдауға болады.

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Дауыс берудің басталуы мен аяқталуының өзге уақытын белгілеу туралы

    "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 38-бабының 1-тармағының сәйкес және Шұбаркөл кенті әкімінің қолдаухаты негізінде Нұра ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШТІ: Дауыс берудің басталуы мен аяқталуын белгілеу (жергілікті уақыт): Нұра ауданы Шұбаркөл кенті АҚ "Шубарколь комир" № 639 сайлау учаскесінде сағат 06-00 - ден 20-00-ге дейін. Дауыс берудің басталу және аяқталу уақытының өзгеруі туралы сайлаушылардың назарына жеткізілсін. Осы шешімнің көшірмесін облыстық сайлау комиссиясына және учаскелік сайлау комиссияларына жіберілсін. Референдум комиссиясының төрағасы Ж. Ташев Референдум комиссиясының хатшысы А. Жанайдар

    Жарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылғы 13 қыркүйек Нұра ауданының Заречное ауылы әкімінің тікелей сайлауын өткізу бойынша Нұра ауданының сайлау учаскелерінің шекаралары туралы ХАБАРЛАМА

    № Аудан атауы Сайлау учаскесінің нөмірі Учаске орналасқан мекенжай Орналасқан жері Учаскенің қызмет көрсету аумағы 1 Нұра ауданы 536 Заречное ауылы, Ленин көшесі, 10 Ауыл клубы ғимараты Заречное ауылы

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Нұра ауданы учаскелік сайлау комиссиясының құрамы туралы ХАБАРЛАМА

    № 536 учаскелік сайлау комиссиясы Заречное ауылы, Ленин көшесі, 10, ауыл клубы ғимараты Курманова Гульмира Жанатовна төраға Рашит Аңсар Рашитқызы төраға орынбасары Жармаганбетова Майдагуль Есеновна хатшы Плескацевич Аксинья Николаевна комиссия мүшесі Смагулова Зауреш Тайкеновна комиссия мүшесі

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Аумақтық сайлау комиссиясының құрамы туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

    Нұра кенті, Жауынгер-интернационалистер, 70, «Болат Әбдікәрімов атындағы Нұра көпсалалы колледжі» КМҚК ғимараты Телефон: 8 (72144) 21326 Комиссия төрағасы – Ташев Жанас Асхатович Комиссия төрағасының орынбасары – Билинец Наталия Владимировна Комиссия хатшысы – Жанайдар Айзат Ардақұлы Комиссия мүшелері: Сағымбеков Сайран Наскенұлы Бейсенбекова Гүлзада Сайранқызы Джазалиев Мейрхан Абубакирович Усембекова Сара Жангазыновна

    Жарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылғы 13 қыркүйекке тағайындалған Қарағанды облысы Нүра ауданының Заречное вуылы әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары

    1. Заречное ауылы әкімінің сайлауын тағайындау (бұдан әрі – әкімдер) Нүра ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 5 тамыз 2026 жыл (113-1-б. 1, 3-т.) 2. Сайлау округтерінің тізімін, олардың шекаралары мен аумақтық сайлау комиссияларының орналасқан жерлерін көрсете отырып, тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау Нүра ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей – 2026 жылғы 15 тамыздан кешіктірмей (22-б. 2-т) 3. Нүра аумақтық сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау Нүра ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей – 2026 жылғы 15 тамыздан кешіктірмей (13-б. 4-т.) 4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау Нүра ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей – 2026 жылғы 20 тамыздан кешіктірмей (17-б. 2-т.) 5. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау Нүра ауданының әкімі Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзімде – 2026 жылғы 20 тамыздан кешіктірмей (23-б. 5-т.) 6. Әкімдікке кандидаттар ұсыну Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар және өзін-өзі ұсыну тәртібімен азаматтар Егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады және сайлау өткізілетін күнге он бес күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады. 2026 жылғы 06 тамызданбасталып 2026 жылғы 18 тамыздажергілікті сағат 18.00 де аяқталады (113-3-б. 5-т.) 7. Әкімдікке кандидаттың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық Заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау Нүра ауданының аумақтық сайлау комиссиясы (113-2.) 8. Әкімдікке кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру Нүра ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Әкімдікке кандидаттың Сайлау туралы Конституциялық заңда көзделген талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап (14-б. 8-1т., 31-б.) 9. Әкімдікке кандидаттарға өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған, қолдап қол жинауға арналған қол қою парақтарын беру Нүра ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Кандидаттың Конституциялық заңда, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада көзделген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін үш күндік мерзімде (113-4-б. 3-т.) 10. Әкімдікке кандидаттарды қолдап жиналған қолдардың растығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу Нүра ауданының аумақтық сайлау комиссиясы паспорт қызметтерінің қызметкерлерін тарта отырып қол қою парақтары тиісті сайлау комиссияларына тапсырылғаннан кейін үш күндік мерзімде (113-4-б. 8-т.) 11. Жергілікті аткарушы органдардың шотына республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және тиісті 2026 қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізуі Әкімдікке кандидатттар, саяси партиялар (әрбір ұсынылған кандидат үшін). Кандидат тіркелгенге дейін (113-5-б. 2-т.) 12. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну (2026 жылғы 1 тамызға) Кандидат және оның жұбайы (зайыбы) Кандидат тіркелгенге дейін (113-5-б. 3-т.) 13. Кандидат және оның жұбайы (зайыбы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің растығын тексеру Мемлекеттік кіріс органдары Кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде (113-5-б. 3-т.) 14. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру Нүра ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күнінен жиырма күн бұрын жергілікті уақытпен сағат 18.00 аяқталады 2026 жылғы 23 тамыздажергілікті уақытпен сағат 18.00 де аяқталады (113-5-б) 15. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау Нүра ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Кандидаттар тіркелгеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей (113-5-б. 9-т.) 16. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру Нүра ауданының әкімдігі және Нүра ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Үгіт басталғанға дейін (28-б. 6-т.) 17. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады 2026 жылғы 23 тамыздажергілікті сағат 18.00ден кейін басталып 2026 жылғы 12 қыркүйектежергілікті сағат нольгедейін (27-б. 2-т.) 18. Әкімдікке кандидаттарға сайлаушылармен кездесулері үшін үй-жайлар беру, кандидаттар мен олардың сенім білдірген адамдарының бөлінген үй-жайларда сайлаушылармен кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау Нүра ауданының әкімдігі және Нүра ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде (28-б. 4-т.) 19. Әрбір сайлау учаскесі бойынша әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну Нүра ауданының әкімі Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын 2026 жылғы 23 тамызда (24-б. 5-т.) 20. №613 сайлау учаскесі бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну учаскелік сайлау комиссиялары Дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда 2026 жылғы 29 тамыздан бастап (26-б. 1-т.) 21. Сайлаушыларды дауыс беру күні, уақыты және орны туралы хабардар ету учаскелік сайлау комиссиялары Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей 2026 жылғы 03 қыркүйекке дейін (18-б. 5) т., 38-б. 2-т.) 22. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу Нүра ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Сайлаудан ерте дегенде үш күн бұрын және кемінде бір күннен кешіктірмей 2026 жылғы 10 қыркүйектен бұрын емес және 12 қыркүйектен кешіктірмей (37-б. 3-т.) 23. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау учаскелік сайлау комиссиялары Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда 2026 жылғы 13 қыркүйекжергілікті уақыт бойынша сағат 06:00-де (40-б. 1-т.) 24. Дауыс беруді өткізу учаскелік сайлау комиссиялары Сайлау күні, жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін (38-б. 1-т.) 25. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде әкім сайлауы бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау учаскелік сайлау комиссиялары Жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады (18-б. 8) т., 43-б.) 26. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу учаскелік сайлау комиссиялары Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу (43-б. 8-т.) 27. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды Нүра ауданының аумақтық сайлау комиссиясына ұсыну учаскелік сайлау комиссиялары Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу (113-8-б. 1-т.) 28. Әкім сайлауының қорытындыларын белгілеу Нүра ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Сайлаудан кейін үш күн мерзімнен кешіктірмей 2026 жылғы 16 қыркүйектен кешіктірмей (113-10-б, 1т.) 29. Әкімдерді сайлау қорытындылары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау Нүра ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей 2026 жылғы19 қыркүйектенкешіктірмей (44-б.) 30. Сайланған әкімдерді тіркеу, тиісті куәліктер беру Нүра ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімде Сайланған әкімдерден жеті күн мерзім ішінде Конституцияға және Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес әкім мәртебесімен сыйыспайтын міндеттерді доғаратыны туралы жазбаша өтініш алғаннан кейін 2026 жылғы 19 қыркүйектен кешіктірмей (45-б., 46-б. 3-т, 113-11-б. 1-т)

    Жарияланды: