Нұра ауданында Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауында қойылған міндеттерді жүзеге асыруға арналған кездесу өтті. Басқосуға бөлім және мекеме басшылары, ардагерлер және Қоғамдық кеңес мүшелері, бейнебайланыс арқылы ауыл және кент әкімдері қатысты.
Кездесу барысында Президент Жолдауында айқындалған басым бағыттар мен олардың аудан көлемінде жүзеге асырылу жолдары кеңінен талқыланды.
Атап айтқанда, ауданның әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыру, инфрақұрылымды дамыту және жаңғырту, экономиканы әртараптандыру, инвестициялық жобаларды қолдау, энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне басымдық берілді.
Сондай-ақ ауылдық елді мекендердің тыныс-тіршілігін жақсарту, жол және инженерлік желілердің жағдайын реттеу, халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, жаңа жұмыс орындарын ашу, кәсіпкерлік пен ауыл шаруашылығын дамыту бағыттары сөз болды.
Бұдан бөлек, адами капиталды дамыту және мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін жетілдіру мәселелері де назардан тыс қалған жоқ.
Жиынға қатысушылар ауданның алдағы даму бағыттары бойынша пікір алмасып, өз ұсыныстарын білдірді. Сонымен қатар белгіленген міндеттерді орындауда жергілікті атқарушы органдармен қатар, қоғамдық институттар мен тұрғындардың белсенді қатысуы маңызды екені атап өтілді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









