Қызметкерлер — Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы

    Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

    Басшылық

    10
    Әлихан Асханұлы Смайылов
    Қызметкерлер

    Әлихан Асханұлы Смайылов

    Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы

    1972 жылдың 18 желтоқсанында Алматы қаласында дүниеге келген. 1994 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін «қолданбалы математика» мамандығы бойынша тәмамдаған. 1996 жылы Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан менеджмент, экономика және болжамдау институтын аяқтап, мемлекеттік басқару магистрі дәрежесіне ие болды.

    Рахымжан Мырзаханұлы Ділдаев
    Қызметкерлер

    Рахымжан Мырзаханұлы Ділдаев

    Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі

    1971 жылы 12 ақпанда Жамбыл облысы Тараз қаласында дүниеге келген. «Әулие ата» университетін 2002 жылы «Заңгер» мамандығы, 2005 жылы «Экономист-қаржыгер» мамандығы бойынша аяқтаған. 2023 жылы Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын бітіріп, «Мемлекеттік және муниципалды басқару» бағыты бойынша магистр дәрежесін алған.

    Амангелді Сағындықұлы Есенов
    Қызметкерлер

    Амангелді Сағындықұлы Есенов

    Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі

    1978 жылғы 21 шілдеде Қарағанды облысы, Теміртау қаласында дүниеге келген. 2005 жылы Қарағанды металлургия институтын «Экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Тілеген Төлегенұлы Каскин
    Қызметкерлер

    Тілеген Төлегенұлы Каскин

    Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі

    1972 жылғы 12 ақпанда Cолтүстік Қазақстан облысы Ильинка ауылында дүниеге келген. 1994 жылы Қорған мемлекеттік ауыл шаруашылығы академиясын, 2000 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясын бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты, философия докторы (PhD) .

    Нұрлан Амангелдіұлы Нұржанов
    Қызметкерлер

    Нұрлан Амангелдіұлы Нұржанов

    Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі

    1975 жылы 8 сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданының Шолаққорған ауылында туған. Үйленген, екі баласы бар. 2000 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін бітірген.

    Рүстем Еслямбекұлы Нұрпейісов
    Қызметкерлер

    Рүстем Еслямбекұлы Нұрпейісов

    Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі

    1971 жылы 15 қазанда Көкшетау облысы, Көкшетау ауданының Қарлыкөл ауылында дүниеге келген. Үйленген, үш баласы бар. Ақмола қаржы-экономикалық колледжін, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. Жоғары санатты мемлекеттік аудитор болып табылады, бірқатар халықаралық сертификаттары (СІPFA Publіc Auditor, Ұлыбритания; JICA, Жапония) бар.

    Расул Нұрланұлы Рахимов
    Қызметкерлер

    Расул Нұрланұлы Рахимов

    Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі

    1978 жылы 29 тамызда Өскемен қаласында дүниеге келген. Үйленген, екі баласы бар. 2000 жылы Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін, 2002 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін, 2004 жылы Бранденбург техникалық университетін, 2006 жылы Оксфорд университетін бітірген.

    Ардақ Мырзабайұлы Теңгебаев
    Қызметкерлер

    Ардақ Мырзабайұлы Теңгебаев

    Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатысының мүшесі

    1971 жылы 22 қаңтарда Торғай облысының Амангелді ауылында туған. Үйленген, 5 бала. 1993 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, 2002 жылы - «Қайнар» университетін бітірген.

    Юлия Федоровна Энгель
    Қызметкерлер

    Юлия Федоровна Энгель

    Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі

    1982 жылы 3 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласында дүниеге келген. Қазақ гуманитарлық-заң университетін (Астана қ., 2003 ж.), Қазақ гуманитарлық-заң университетінің жанындағы магистратураны (Астана қ., 2005 ж.), Мәскеу қаласындағы Қазіргі заманғы гуманитарлық академияны (Мәскеу қ., 2007 ж.) бітірген. Жоғары санатты мемлекеттік аудитор болып табылады, мемлекеттік аудитордың халықаралық сертификаты бар (CIPFA Public Auditoр, Ұлыбритания).

    Құндызбек Болатұлы Әбдірасылов
    Қызметкерлер

    Құндызбек Болатұлы Әбдірасылов

    Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының аппарат басшысы

    1982 жылғы 16 қарашада дүниеге келген. 2005 жылы «Әулие Ата» университетін ақпараттық жүйелер (экономикада) мамандығы бойынша бітірген. 2010 жылы «қаржы» мамандығы бойынша Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетін аяқтады. 2023 жылы РФ СІМ Дипломатиялық академиясын «экономика магистрі» мамандығы бойынша тамамдаған.

    Департаменты

    11

    Сектор

    3

    Уполномоченный по этике

    1