
Ардақ Мырзабайұлы Теңгебаев
Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатысының мүшесі
Өмірбаян
1971 жылы 22 қаңтарда Торғай облысының Амангелді ауылында туған. Үйленген, 5 бала.
1993 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, 2002 жылы - «Қайнар» университетін бітірген.
Еңбек жолын 1993 жылы «Казагропромбанк» АҚ Торғай филиалының маманы болып бастаған.
1994 жылғы қаңтар - 1996 жылғы наурыз аралығында - «Казагропромбанк» АҚ Амангелді аудандық филиалының экономисі, аға экономисі.
1996 жылғы сәуір - 1996 жылғы қыркүйек аралығында - «Казагропромбанк» АҚ Торғай облыстық филиалының информатика бөлімінің бас инженер-программисі.
1996 жылғы қыркүйек - 1997 жылғы ақпан аралығында - «Казагропромбанк» АҚ Амангелді аудандық филиалының басқарушысы.
1997 жылғы сәуір - 2003 жылғы ақпан аралығында - Алматы қаласы бойынша салық басқармасының салық инспекторы, сектор меңгерушісі, бас салық инспекторы, басқарма бастығы, бөлім бастығы.
2003 жылғы ақпан - 2004 жылғы қазан аралығында - қаржы полициясы органдарында қызмет еткен.
2004 жылғы қараша - 2005 жылғы тамыз аралығында - «Ақпараттық технологиялар паркі» салық комитетінің бөлім бастығы, Алматы қ.
2005 жылғы қыркүйек - 2007 жылғы шілде аралығында - Семей қаласы бойынша салық комитетінің төрағасы.
2007 жылғы тамыз - 2009 жылғы сәуір аралығында - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің Маңғыстау облысы бойынша салық комитетінің төрағасы.
2009 жылғы мамыр – 2010 жылғы сәуір аралығында - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің Мамандандырылған басқармасының бастығы.
2010 жылғы сәуір - 2012 жылғы қазан аралығында - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті төрағасының орынбасары.
2012 жылғы қараша - 2016 жылғы желтоқсан аралығында - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі.
2016 жылғы желтоқсан - 2018 жылғы қазан аралығында - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы.
2018 жылғы қазан - 2019 жылғы ақпан аралығында - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі.
2019 жылғы ақпан – 2022 жылғы қараша аралығында - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 28 қарашадағы № 11 Жарлығымен Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатысының мүшесі болып тағайындалды.
«Құрмет» орденімен, «ЕАТ 10 жылдығы (Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі еуразиялық топ туралы)» медалімен, «Еуразиялық экономикалық одақ құруға үлес қосқаны үшін» 2 дәрежелі медалімен, ведомстволық және мерекелік наградалармен марапатталған.
Жетекшілік ететін бағыты:
Мемлекеттік аудиттің халықаралық стандарттарын енгізу.
Жоғары аудиторлық палатаның қызметін жетекшілік ететін бағыттары бойынша ақпараттық-талдамалық сүйемелдеу.
Әзірлеушілері орталық мемлекеттік органдар болып табылатын НҚА жобаларын жетекшілік ететін бағыттары бойынша қарау (келісу).
Мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл:
Қаржы министрлігі.
Ұлттық Банк.
Консультативтік-кеңесші органдармен өзара іс-қимыл:
Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық туралы жаңа келісім бойынша Еуропалық комиссиямен келіссөздер жүргізу жөніндегі жұмыс тобы.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізу үшін тәуелсіз аудиторды іріктеу жөніндегі конкурстық комиссия.
Халықаралық және басқа да ұйымдармен өзара іс-қимыл:
Еуразиялық экономикалық комиссия және халықаралық экономикалық интеграция (бюджетке түсетін түсімдер бойынша мәселелер бөлігінде).





