Рахымжан Мырзаханұлы Ділдаев

    Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі

    Рахымжан Мырзаханұлы Ділдаев
    Қызметкерлер

    Рахымжан Мырзаханұлы Ділдаев

    Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі

    Өмірбаян

    1971 жылы 12 ақпанда Жамбыл облысы Тараз қаласында дүниеге келген.

    «Әулие ата» университетін 2002 жылы «Заңгер» мамандығы, 2005 жылы «Экономист-қаржыгер» мамандығы бойынша аяқтаған.

    2023 жылы Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын бітіріп, «Мемлекеттік және муниципалды басқару» бағыты бойынша магистр дәрежесін алған.

    Еңбек жолын 1998-1999 жылдары Шымкент қалалық әкімшілігінің Сауда және мемлекеттік сатып алу комитетінің жетекші маманы болып бастап, кейіннен бас маманы болып жұмыс істеген.

    2001 ж. — ҚР Мемлекеттік кірістер министрлігінің Акцизделетін өнімдер өндірісі мен айналымын мемлекеттік бақылау комитетінің аумақтық басқармасының бақылау бөлімінің басшысы.

    2001-2002 жж. — ҚР Мемлекеттік кірістер министрлігінің Жамбыл облысы бойынша БӨП ТШ бақылау бөлімі басшысының м.а., басшысы.

    2004-2006 жж. — Алматы қаласы бойынша Салық комитеті Акциздер басқармасының мұнай өнімдерінен акциздерді және өзге де акцизделетін өнімдерді әкімшілендіру бөлімінің басшысы.

    2008-2009 жж. — Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы бойынша Салық комитеті салықтарды өндіріп алу бөлімінің басшысы.

    2009-2010 жж. — Алматы облысы бойынша Салық департаменті Акциздерді әкімшілендіру басқармасының акциздерді әкімшілендіру бөлімінің басшысы.

    2010-2011 жж. — Алматы қаласы бойынша Салық департаменті Акцизделетін өнімдерді әкімшілендіру басқармасының басшысы.

    2011-2014 жж. — Алматы қаласы бойынша Салық департаменті Алмалы ауданы бойынша Салық басқармасы басшысының орынбасары.

    2015-2018 жж. — Алматы облысы Қарасай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары, басшысы.

    2018-2019 жж. — Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Берешекпен жұмыс, Экспорттық бақылау басқармаларының басшысы.

    2019-2020 жж. — Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары.

    2020-2024 жж. — ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Алматы қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы.

    2024-2025 жж. — ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы.

    2025 жылғы 12 наурыздағы № 650-VIII МП Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қаулысымен Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі болып тағайындалды.

    Мемлекеттік наградалары: «Құрмет» ордені (2021 ж.); «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалі (2016 ж.); төсбелгілер: «Мемлекеттік кірістер органдарының үздігі» (2017 ж.); «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 100 жылдығы» (2021 ж.); «Қаржы қызметінің үздігі» (2022 ж.); «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне 10 жыл» (2024 ж.)

    • Жетекшілік ететін бағыты
      Жоғары аудиторлық палатаның қызметінде транспаренттілікті қамтамасыз ету.
    • Жоғары аудиторлық палатаның қызметін жетекшілік ететін бағыттары бойынша ақпараттық-талдамалық сүйемелдеу.
    • Орталық мемлекеттік органдар әзірлеген НҚА жобаларын жетекшілік ететін бағыттары бойынша қарау (келісу).

    Мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл

    • Бұқаралық ақпарат құралдары және үкіметтік емес ұйымдар.

    Халықаралық және басқа да ұйымдармен өзара іс-қимыл

    • Еуропа жоғары аудит органдары ұйымы (EУРОСАИ).
    • ЭЫДҰ.
    • Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше, байқаушы және диалогы бойынша әріптес мемлекеттердің жоғары аудит органдары.
    • БҰҰДБ.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері