
Нұрлан Амангелдіұлы Нұржанов
Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі
Өмірбаян
1975 жылы 8 сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданының Шолаққорған ауылында туған. Үйленген, екі баласы бар.
2000 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін бітірген.
1992 жылғы қараша – 1993 жылғы мамыр аралығында - «Шымкентмелиорация»23-ЖМК қызметкері.
1997 жылғы ақпан – 1998 жылғы маусым аралығында – Шымкент қаласы бойынша қаржы бөлімінің жетекші маманы.
1998 жылғы маусым – 2004 жылғы наурыз аралығында – Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Қаржы департаментінің бас маманы, бөлім бастығы.
2004 жылғы наурыз – 2008 жылғы қаңтар аралығында - Оңтүстік Қазақстан облысының Кентау қаласы бойынша қаржы бөлімінің бастығы.
2008 жылғы қаңтар – 2008 жылғы шілде аралығында - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының Ішкі аудит қызметі бөлімінің бастығы.
2008 жылғы шілде – 2009 жылғы мамыр аралығында - Оңтүстік Қазақстан облысының Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінде бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары.
2009 жылғы мамыр – 2013 жылғы қыркүйек аралығында - Оңтүстік Қазақстан облысының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы бастығының орынбасары.
2013 жылғы қыркүйек – 2016 жылғы маусым аралығында - Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы.
2016 жылғы маусым – 2022 жылғы қараша аралығында – Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі.
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының 2022 жылғы 1 желтоқсандағы № 375-VII ПС қаулысымен Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі болып тағайындалды.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен (2020 ж.), ведомстволық және мерекелік наградалармен марапатталған.
Жетекшілік ететін бағыты:
Тексеру комиссияларымен өзара іс-қимыл.
Жоғары аудиторлық палатаның қызметін жетекшілік ететін бағыттары бойынша ақпараттық-талдамалық сүйемелдеу.
Әзірлеушілері орталық мемлекеттік органдар болып табылатын НҚА жобаларын жетекшілік ететін бағыттары бойынша қарау (келісу).
Мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл:
Тексеру комиссиялары, ғылыми ұйымдар.
Консультативтік-кеңесші органдармен өзара іс-қимыл:
Зерттеулердің тақырыбын қарау мәселелері жөніндегі комиссия.
Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының үйлестіру кеңесінің облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың тексеру комиссияларының қызметін жетілдіру жөніндегі кіші комитеті.
Халықаралық және басқа да ұйымдармен өзара іс-қимыл:
Дүниежүзілік банк.
Халықаралық валюта қоры.
Экономикалық ынтымақтастық елдерінің жоғары аудит органдарының ұйымы (ЭКОСАИ).





