Расул Нұрланұлы Рахимов

    Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі

    Расул Нұрланұлы Рахимов
    Қызметкерлер

    Расул Нұрланұлы Рахимов

    Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі

    Өмірбаян

    1978 жылы 29 тамызда Өскемен қаласында дүниеге келген. Үйленген, екі баласы бар.

    2000 жылы Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін, 2002 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін, 2004 жылы Бранденбург техникалық университетін, 2006 жылы Оксфорд университетін бітірген.

    Еңбек жолын 2000 жылы «Үлбі металлургия зауыты» АҚ-да бериллий өндірісінің 4-разрядты аппаратшысы болып бастаған. Кейіннен осы ұйымда бериллий өндірісі технологиялық бюросының инженері, бериллий өндірісі маркетингінің менеджері лауазымдарында жұмыс істеді.

    2006 жылғы қарашадан бастап - Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің Стратегиялық даму және инновациялық қызмет орталығының директоры.

    2007 жылғы мамырдан бастап - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Стратегиялық жоспарлау және жиынтық талдау департаменті - Хатшылығының кеңесшісі.

    2007 жылғы қыркүйектен бастап - Индустрия және сауда министрлігі Индустриялық саясатты үйлестіру басқармасының бастығы.

    2008 жылғы наурыздан бастап - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығының консультанты.

    2009 жылғы қыркүйектен бастап - «Ұлттық инновациялық қор» АҚ басқарушы директоры.

    2012 жылғы қыркүйектен бастап - БҰҰДБ (Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасы) Тұрақты даму департаментінің басшысы, бағдарламалық талдаушы және портфельді менеджер.

    2018 жылғы қаңтардан бастап - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығының бәсекеге қабілеттілікті талдау секторының меңгерушісі.

    2018 жылғы тамыздан бастап - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Стратегиялық жоспарлау бөлімі меңгерушісінің орынбасары, кейін Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

    2021 жылғы қазаннан бастап - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі.

    Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының 2022 жылғы 1 желтоқсандағы № 376-VII ПС қаулысымен Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі болып тағайындалды.

    Наградалары: Қазақстан Республикасы Президентінің алғысы (2020 ж.), Б Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының алғысы (2020 ж.), БҰҰДБ-ның «Outstanding Achievement Award» наградасы (2017ж.).

    Жетекшілік ететін бағыты:

    Электрондық аудит.

    Жоғары аудиторлық палатаның қызметін жетекшілік ететін бағыттары бойынша ақпараттық-талдамалық сүйемелдеу.

    Әзірлеушілері орталық мемлекеттік органдар болып табылатын НҚА жобаларын жетекшілік ететін бағыттары бойынша қарау (келісу).

    Мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл:

    Әскери басқару, құқық қорғау және арнаулы органдар.

    Консультативтік-кеңесші органдармен өзара іс-қимыл:

    Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия.

    Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшылығы.

    «Атамекен» Қазақстан Республикасының ұлттық кәсiпкерлер палатасының Сыбайлас жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесі.

    Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия.

    «Самұрық-Қазына» АҚ қорының Директорлар кеңесі жанындағы мамандандырылған комитетте Жоғары аудиторлық палатаның атынан өкілдік ету.

    Халықаралық және басқа да ұйымдармен өзара іс-қимыл:

    Халықаралық жоғары аудит органдары ұйымы (ИНТОСАИ).

    ИНТОСАИ-дың экологиялық аудит жөніндегі жұмыс тобы.

    ЕУРОСАИ-дың қоршаған ортаны қорғау саласындағы аудит жөніндегі жұмыс тобы.

    ЮСАИД.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері