Рүстем Еслямбекұлы Нұрпейісов

    Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі

    Рүстем Еслямбекұлы Нұрпейісов
    Қызметкерлер

    Рүстем Еслямбекұлы Нұрпейісов

    Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі

    Өмірбаян

    1971 жылы 15 қазанда Көкшетау облысы, Көкшетау ауданының Қарлыкөл ауылында дүниеге келген. Үйленген, үш баласы бар.

    Ақмола қаржы-экономикалық колледжін, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

    Жоғары санатты мемлекеттік аудитор болып табылады, бірқатар халықаралық сертификаттары (СІPFA Publіc Auditor, Ұлыбритания; JICA, Жапония) бар.

    Еңбек жолын 1988 жылы комсомол ұйымында бастады.

    1992 жылғы қаңтар – 1994 жылғы тамыз аралығында – Көкшетау облысы Уәлиханов ауданы «Авангард» совхозы директорының орынбасары.

    1994 жылғы тамыз – 1997 жылғы ақпан аралығында – Көкшетау облысы Уәлиханов ауданы Салық инспекциясының маманы.

    1997 жылғы ақпан – шілде аралығында – Көкшетау облысы Уәлиханов аудандық қаржы бөлімінің маманы, жетекші маманы.

    1997 жылғы тамыз – 1999 жылғы шілде аралығында – Солтүстік Қазақстан облысы Зеренді аудандық қаржы бөлімінің маманы.

    1999 жылғы шілде – 2002 жылғы шілде аралығында – Ақмола облыстық қаржы басқармасының бас маманы.

    2002 жылғы тамыз – 2015 жылғы қаңтар аралығында – Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мемлекеттік бақылаушы-консультанты, бас сарапшы-бас мемлекеттік бақылаушысы, сектор меңгерушісі, бөлім меңгерушісінің орынбасары.

    2015 жылғы қаңтар – 2016 жылғы қаңтар аралығында – Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Экономиканың дамуын мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі.

    2016 жылғы қаңтар – 2016 жылғы желтоқсан аралығында – Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Экономиканың дамуына мемлекеттік аудит жүргізу бөлімінің меңгерушісі.

    2016 жылғы желтоқсан – 2017 жылғы шілде аралығында – Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Әдіснама және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің меңгерушісі.

    2017 жылғы шілде – 2017 жылғы тамыз аралығында – Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Жоспарлау, талдау және есептілік бөлімі алдын ала бағалау секторының меңгерушісі.

    2017 жылғы қыркүйек – 2018 жылғы маусым аралығында – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ішкі аудит және бақылау департаментінің директоры.

    2018 жылғы маусым – 2018 жылғы шілде аралығында – Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің аппараты Мемлекеттік аудит бөлімі басшысының орынбасары-мемлекеттік аудитор.

    2018 жылғы тамыз – 2021 жылғы маусым аралығында – Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің аппараты Экономиканың нақты секторына аудит жүргізу бөлімінің басшысы.

    2021 жылғы маусым – 2022 жылғы қараша аралығында - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі.

    Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 2022 жылғы 30 қарашадағы № 606-VII ПM қаулысымен Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі болып тағайындалды.

    «Құрмет» орденімен (2020 ж.), «Ерен еңбегі үшін» медалімен (2008 ж.), ведомстволық және мерекелік наградалармен марапатталған.



    Жетекшілік ететін бағыты:
    Жоғары аудиторлық палатаның қызметін жетекшілік ететін бағыттары бойынша ақпараттық-талдамалық сүйемелдеу.

    Әзірлеушілері орталық мемлекеттік органдар болып табылатын НҚА жобаларын жетекшілік ететін бағыттары бойынша қарау (келісу).

    Мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл:

    Халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша Сыртқы істер министрлігі.

    Консультативтік-кеңесші органдармен өзара іс-қимыл:

    Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетi жанындағы «Мемлекеттік аудит» мамандығы бойынша оқу-әдістемелік бірлестігі.

    Халықаралық және басқа да ұйымдармен өзара іс-қимыл:

    Азия жоғары аудит органдарының ұйымы (AЗОСAИ).

    Азия Даму Банкі.

    Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ).

    EУРОСАИ-дың апаттардың алдын алуға және оның салдарын жоюға бөлінетін қаражатқа аудит жүргізу жөніндегі арнайы тобы.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері