
Тілеген Төлегенұлы Каскин
Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі
Өмірбаян
1972 жылғы 12 ақпанда Cолтүстік Қазақстан облысы Ильинка ауылында дүниеге келген.
1994 жылы Қорған мемлекеттік ауыл шаруашылығы академиясын, 2000 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясын бітірген.
Экономика ғылымдарының кандидаты, философия докторы (PhD).
Еңбек жолын 1987 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Соколов аудандық тамақ комбинатының слесарі болып бастаған.
1994-1995 жж. — «Игілікбанк» Соколов филиалының аға маманы.
1995-1997 жж. — Солтүстік Қазақстан облысы Соколов ауданы әкімі аппараты Экономика комитетінің төрағасы.
1997- 1998 жж. — Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімі аппараты Шағын және орта бизнес комитетінің төрағасы.
2000- 2001 жж. — Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының бас инспекторы.
2001- 2004 жж. — ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша басқарма басшысының орынбасары, басшысы.
2004- 2006 жж. — Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының әкімі.
2006-2008 жж. — Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы.
2008-2010 жж. — Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.
2010- 2016 жж. — ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша басқармасының басшысы – Тәртіптік кеңес төрағасы, ҚР МҚІА Астана қ. бойынша департаментінің басшысы – Тәртіптік кеңес төрағасы, ҚР МҚІА Астана қ. бойынша департаменті басшысының орынбасары – Тәртіптік кеңес төрағасы.
2016 -2018 жж. — ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Астана қ. бойынша департаментінің басшысы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Астана қ. бойынша Әдеп жөніндегі кеңесінің төрағасы.
2018 жылғы шілдеден бастап Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы қызметін атқарған.
ҚР Президентінің 2022 жылғы 28 қарашадағы №10 Жарлығымен ҚР Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі болып тағайындалды.
«Ерен еңбегі үшін» (2007 г.) медалімен, ведомстволық және өзге де наградалармен марапатталған.
Жетекшілік ететін бағыты
- Парламентпен өзара іс-қимыл.
- Жоғары аудиторлық палатаның қызметін жетекшілік ететін бағыттары бойынша ақпараттық-талдамалық сүйемелдеу.
- Әзірлеушілері орталық мемлекеттік органдар болып табылатын НҚА жобаларын жетекшілік ететін бағыттары бойынша қарау (келісу).
Мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл
- Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі.
Консультативтік-кеңесші органдармен өзара іс-қимыл
- Орталық мемлекеттік органдарға бөлуге арналған тұрғын үйді іріктеу және бөлу жөніндегі комиссия.
Халықаралық және басқа да ұйымдармен өзара іс-қимыл
- ИНТОСАИ-дың әлеуетті арттыру, тәжірибемен алмасу жөніндегі комитеттері.
- ИНТОСАИ-дың Мемлекеттік сатып алуға аудит жүргізу жөніндегі жұмыс тобы.
- ЕУРОСАИ-дың COVID-19 пандемиясына қарсы ден қоюға аудит жүргізу жөніндегі жобалық тобы.





