Юлия Федоровна Энгель

    Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі

    Юлия Федоровна Энгель
    Қызметкерлер

    Юлия Федоровна Энгель

    Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі

    Өмірбаян

    1982 жылы 3 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласында дүниеге келген.

    Қазақ гуманитарлық-заң университетін (Астана қ., 2003 ж.), Қазақ гуманитарлық-заң университетінің жанындағы магистратураны (Астана қ., 2005 ж.), Мәскеу қаласындағы Қазіргі заманғы гуманитарлық академияны (Мәскеу қ., 2007 ж.) бітірген.

    Жоғары санатты мемлекеттік аудитор болып табылады, мемлекеттік аудитордың халықаралық сертификаты бар (CIPFA Public Auditoр, Ұлыбритания).

    Еңбек жолын 2000 жылдан жеке ұйымдарда заңгер көмекшісі, заңгер, бас заңгер болып бастаған.

    2005 жылғы сәуір – 2008 жылғы қаңтар аралығында «Қазақстан Республикасының Заң шығару институты» ЖАҚ-да (Астана қ.) кіші ғылыми қызметкер, азаматтық, азаматтық іс жүргізу және заңнаманың өзге де аралас салалары бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу жөніндегі сектор меңгерушісі, Заң жобалары жұмысы бөлімінің меңгерушісі лауазымдарын атқарған.

    2008 жылғы ақпан – 2009 жылғы сәуір аралығында – Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің «Қаржылық бұзушылықтарды зерттеу жөніндегі орталық» РМК Құқықтық қамтамасыз ету және кадр қызметі бөлімінің заң консультанты, құқықтық мәселелер жөніндегі бас маманы.

    2009 жылғы сәуір – 2016 жылғы маусым аралығында – Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Заң бөлімінің сектор меңгерушісі, бөлім меңгерушісінің орынбасары, Әкімшілік және қаржы бөлімінің, Заң бөлімінің меңгерушісі лауазымдарын атқарды.

    2016 жылғы тамыз – 2021 маусым аралығында – Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Жоспарлау, талдау және есептілік бөлімінің басшысы (меңгерушісі).

    2021 жылғы маусым – 2022 жылғы қараша аралығында - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі.

    Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 2022 жылғы 30 қарашадағы № 607-VII ПM қаулысымен Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі болып тағайындалды.

    «Ерен еңбегі үшін» медалімен (2016 ж.), ведомстволық және мерекелік наградалармен марапатталған.

    Жетекшілік ететін бағыты:
    Жоғары аудиторлық палатаның стратегиялық дамуы.

    Цифрландыру.

    Аудитті әдіснамалық қамтамасыз ету.

    Жоғары аудиторлық палатаның қызметін жетекшілік ететін бағыттары бойынша ақпараттық-талдамалық сүйемелдеу.

    Әзірлеушілері орталық мемлекеттік органдар болып табылатын НҚА жобаларын жетекшілік ететін бағыттары бойынша қарау (келісу).

    Жоғары аудиторлық палата әзірлеген қаржы тәртібін арттыру мәселесі бойынша заңнамалық актілерді қарау (келісу).

    Мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл:

    Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі.

    Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты.

    Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі.

    Консультативтік-кеңесші органдармен өзара іс-қимыл:

    Республикалық бюджет комиссиясы құрамында байқаушы.

    Жоғары аудиторлық палатаның Ғылыми-әдiснамалық кеңесі.

    Ұлттық қорды басқару жөніндегі кенес.

    Ұлттық қордан бөлінген қаражаттың жұмсалуын мониторингтеу және бақылау жөніндегі комиссия.

    Халықаралық және басқа да ұйымдармен өзара іс-қимыл:

    Еуразиялық экономикалық комиссия және халықаралық экономикалық интеграция (бюджетті жоспарлау және атқару бөлігінде).

    ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің жоғары қаржылық бақылау органдарының мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы.

    Халықаралық жоғары аудит органдары ұйымының (ИНТОСАИ) түйінді ұлттық көрсеткіштер жөніндегі жұмыс тобы.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері