Қызметкерлер — Қорғалжын ауданының әкімдігі

    Қорғалжын ауданының әкімдігі басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

    Басшылық

    4
    Алин Алмас Аянұлы
    Әкім

    Алин Алмас Аянұлы

    Қорғалжын ауданының әкімі

    О.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті Мамандығы: «Көркем еңбек пәнінің мұғалімі» Қарағанды «Болашақ» университеті Мамандығы: «Экономика бакалавры»

    МәдениетАуыл шаруашылықҚұрылыс, сәулет және қала құрылысыБілім
    Әбішев Амангелді Қырықбайұлы
    Әкімінің орынбасары

    Әбішев Амангелді Қырықбайұлы

    Қорғалжын ауданы әкімінің орынбасары

    Абышев Амангельды Крықбаевич 1975 жылы 15 тамызда Ақмола облысы, Егіндікөл ауданы, Жалманкұлақ ауылында дүниеге келген. Білімі: - 1992 жыл — Ақмола қаласының С. Сейфуллин атындағы педагогикалық университеті, еңбекке баулу және экономика негіздері мұғалімі мамандығы. - 2004 жыл — Қарағанды қаласының Ішкі істер министрлігінің Б. Бейсенов атындағы институты, бакалавр-заңгер.

    ЭкономикаАбаттандыру және ТҮКШ
    Егінбаев Ақылбек Хамзинұлы
    Әкімінің орынбасары

    Егінбаев Ақылбек Хамзинұлы

    Қорғалжын ауданы әкімінің орынбасары

    1963 жылы 10 ақпанда Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Казгородок ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары. 1990 жылы Целиноград ауыл шаруашылығы институтын бітіріп, ғалым-агроном мамандығын алған. 2002 жылы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін тәмамдап, заңгер біліктілігін алған.

    Ауыл шаруашылық
    Ахметжанов Мадияр Ермекбайұлы
    Аппарат басшысы

    Ахметжанов Мадияр Ермекбайұлы

    Қорғалжын ауданы әкімі аппаратының басшысы

    Ахметжанов Мадияр Ермекбайұлы 1990 жылы 22 мамырда Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы, Қорғалжын ауылында дүниеге келген. – 2012 жылы Еуразия гуманитарлық институтын «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. – 2016 жылы Гуманитарлы-техникалық академияны «Экономика» мамандығы бойынша аяқтап, экономика магистрі академиялық дәрежесін алған.

    Әдеп жөніндегі уәкіл

    1

    Бөлім

    11
    Бейілғожин Жәнібек Серікқалиұлы
    Бөлім басшысы

    Бейілғожин Жәнібек Серікқалиұлы

    Бөлім басшысы

    Бейілғожин Жәнібек Серікқалиұлы 1981 жылдың 13 қыркүйек айында Семей облысы Ақсуат ауданы Ойшілік ауылында дүниеге келіп, 1998 жылы осы ауылдың Тоғас батыр атындағы орта мектебін бітірген. Білімі жоғарғы: 1998-2002ж. Шәкерім атындағы Семей мемлекеттік университеті, экономика және құқық негіздерінің мұғалімі; 2002-2005ж. Қазақ гуманитарлық заң университеті, заңгер; 2013-2015ж. Қазақ инновациялық гуманитарлық - заң университеті, заң ғылымдарының магистрі.

    Білім
    Бөлім басшысы

    Жаманбаев Али Маратұлы

    Қорғалжын ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы

    Жаманбаев Али Маратұлы 1997 жылдың 26 желтоқсанында Ақмола облысы, Қорғалжын ауданында дүниеге келген. Білімі – жоғары: 2015–2019 жж. – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, тарих пәні мұғалімі мамандығы.

    Мәдениет
    Дүйсенбаева Айнагүл Серікқызы
    Бөлім басшысы

    Дүйсенбаева Айнагүл Серікқызы

    Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы

    Дүйсенбаева Айнагүл Серікқызы 1977 жылы 08 шілдеде Ақмола облысы, Қорғалжын ауданында дүниеге келген.

    Әлеуметтік бағдарлама
    Әубакіров Ербол Төребекұлы
    Бастық

    Әубакіров Ербол Төребекұлы

    Қорғалжын ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы

    Ербол Төребекұлы Әубакіров – азаматтық қорғау майоры. 1989 жылғы 1 маусымда бұрынғы Көкшетау облысы, Еңбекшілдер ауданы, Мамай ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ, білімі – жоғары. 2012 жылы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Көкшетау техникалық институтын «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Түсіпов Жетпіс Сағындықұлы
    Бөлім басшысы

    Түсіпов Жетпіс Сағындықұлы

    Бөлім басшысы

    Түсіпов Жетпіс Сағындықұлы, 1985 жылғы 9 қыркүйекте Ақмола облысы Қорғалжын ауданы Қорғалжын ауылында дүниеге келген. Отбасы жағдайы – үйленген, төрт баласы бар. Білімі жоғары, Көкшетау университетін «Заңтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Тайжанова Айнагүл Қайыркелдіқызы
    Бөлім басшысы

    Тайжанова Айнагүл Қайыркелдіқызы

    Қорғалжын ауданы әкімдігі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы

    Тайжанова Айнагүл Қайыркелдіқызы 1977 жылғы 23 маусымда Ақмола облысы Қорғалжын ауданы Қорғалжын ауылында дүниеге келген. Білімі – жоғары. Еңбек жолын 1996 жылы Қорғалжын ауданында бастаған.

    Мухаметова Ольга Сергейқызы
    Бөлім басшысы

    Мухаметова Ольга Сергейқызы

    Бөлім басшысы

    Мухаметова Ольга Сергеевна Туған күні: 13.09.1988 жыл; Туған жері: Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы, Қорғалжын ауылы ; Білімі: жоғары; Оқу орнын бітірген жылы және атауы: 2010 жыл-Көкшетау университеті мекемесінің жанындағы Колледж ; 2013 жыл - "Көкше"академиясы; Мамандығы: Құқықтану ЕҢБЕК ҚЫЗМЕТІ 2014 ж-Ақмола облысы Қорғалжын ауданы Қорғалжын ауылы, аудан әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі бөлімінің шарт бойынша маманы 09.07.2014 ж-09.01.2022 ж Ақмола облысы Қорғалжын ауданы Қорғалжын ауылы, аудан әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі бөлімінің бас маманы 10.01.2022 ж-16.09.2022 ж Ақмола облысы Қорғалжын ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің бас маманы, Қорғалжын ауылы 16.09.2022 ж-29.11.2023 ж персоналды басқару қызметінің (кадр қызметі) басшысы Ақмола облысы Қорғалжын ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі, Қорғалжын ауылы 30.11.23 Ж. Ж. Ақмола облысы Қорғалжын ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы, Қорғалжын ауылы

    МәдениетІшкі саясат
    Мұрзагелдиев Жандос Мұсылманбекұлы
    Бөлім басшысы

    Мұрзагелдиев Жандос Мұсылманбекұлы

    Қорғалжын ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы

    Мұрзагелдиев Жандос Мұсылманбекұлы 1966 жылғы 24 қыркүйекте Ақмола облысы Қорғалжын ауданының Қорғалжын ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары. 1990 жылы Семей зоотехникалық-ветеринарлық институтын «ветеринария» мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Өнеркәсіп және бизнес

    Басқа қызметкерлер

    8
    Қызметкерлер

    Дуанбеков Нурсултан Кайркелдиевич

    Қорғалжын ауылдық округінің әкімі

    1989 жылы Ақмола облысы Қорғалжын ауданында дүниеге келген. - Білімі жоғары, мұнай-газ ісі , оқу орыны Қ.И.Сатпаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Университеті - Білімі жоғары, мұнай-газ ісі , оқу орыны 2013ж. Тюмень мемлекеттік мұнай-газ университеті

    Әкім

    Смағұлов Ағыбай Советұлы

    Майшұқыр ауылдық округінің әкімі

    Смағұлов Ағыбай Советұлы, 1970 жылдың 1 қаңтарында Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы, Майшұқыр ауылында дүниеге келген.

    Халым Пания
    Қызметінің басшысы

    Халым Пания

    Аудан әкімінің баспасөз хатшысы

    1986 жылы туған, білімі жоғары. 2009 ж. – М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, филология факультеті

    Мұхаметов Батырхан Ақанұлы
    Инспектор

    Мұхаметов Батырхан Ақанұлы

    Қорғалжын ауданы әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс жөніндегі бас инспекторы

    Батырхан Ақанұлы Мұхаметов 1969 жылы 1 қарашада Ақмола облысы Шортанды ауданы Жолымбет ауылында дүниеге келген. Отбасылық жағдайы үйленген. Білімі жоғары. 2005 жылы «Құқық және нарық академиясын» юриспруденция мамандығы бойынша бітірген.