
Мұрзагелдиев Жандос Мұсылманбекұлы
Қорғалжын ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Мұрзагелдиев Жандос Мұсылманбекұлы 1966 жылғы 24 қыркүйекте Ақмола облысы Қорғалжын ауданының Қорғалжын ауылында дүниеге келген.
Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары. 1990 жылы Семей зоотехникалық-ветеринарлық институтын «ветеринария» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 1990 жылы Қорғалжын ауданындағы XXII партсъезд атындағы совхозда ветеринар дәрігер болып бастаған. Әр жылдары Қарағанды облысы Теңіз ауданындағы «Сарыөзен» совхозында бас ветеринар дәрігер, Қарағанды облысы Нұра аудандық ішкі істер бөлімінде учаскелік инспектор, Нұра аудандық ветеринариялық станциясында ветеринар дәрігер-инспектор қызметтерін атқарған.
1999–2002 жылдары Қарағанды облысы Нұра ауданындағы Тікенекті ауылдық округінің әкімі;
2002–2005 жылдары Қорғалжын ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау бөлімінде бас маман;
2005–2006 жылдары Қорғалжын ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы;
2006–2007 жылдары ұйымдастыру-бақылау бөлімінің басшысы;
2007–2009 жылдары аудан әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы қызметтерін атқарған.
2010–2011 жылдары «Нұр Отан» партиясы Қорғалжын аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары;
2011–2012 жылдары «Берекелі-2030» ауылдық тұтыну кооперативінің басқарма төрағасы;
2012–2016 жылдары «Қорғалжын» командиттік серіктестігінің төрағасы қызметтерін атқарған.
2016–2018 жылдары «Балтабеков и К» ЖШС-нің атқарушы директоры;
2018–2019 жылдары аудан әкімі аппаратының персоналды басқару қызметінде маман болып жұмыс істеген.
2019 жылы Қорғалжын ауданы әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы;
2019–2022 жылдары аппарат басшысы;
2022–2023 жылдары Қорғалжын ауданының ауыл шаруашылығы бөлімінде бас маман;
2023 жылдың қыркүйек айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Қорғалжын ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы қызметін атқарып келеді.




