
Дүйсенбаева Айнагүл Серікқызы
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Дүйсенбаева Айнагүл Серікқызы 1977 жылы 08 шілдеде Ақмола облысы, Қорғалжын ауданында дүниеге келген.
– 1997 жылы Астана қаласындағы Экономика-заң колледжін тәмамдаған.
– 2007 жылы Көкшетау университетін «Заңгер» мамандығы бойынша бітіріп, жоғары білім алған.
Еңбек жолы:
– 1997 жылғы 27 қазан мен 2001 жылғы 5 қыркүйек аралығында Қорғалжын аудандық ішкі істер бөлімінің төлқұжат бөлімшесінде маман болып қызмет атқарды.
– 2001 жылғы 5 қыркүйектен 2024 жылғы 29 наурызға дейін Ақмола облысы бойынша ҚАЖ департаментінің Қорғалжын аудандық пробация қызметінде аға инспектор лауазымын атқарды.
– 2024 жылғы 29 сәуір мен 2025 жылғы 6 қараша аралығында Қорғалжын аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы қызметін атқарды.
– 2025 жылғы 7 қарашадан бастап осы бөлімнің басшысы қызметін атқарып келеді.




