
Әубакіров Ербол Төребекұлы
Қорғалжын ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы
Өмірбаян
Ербол Төребекұлы Әубакіров – азаматтық қорғау майоры.
1989 жылғы 1 маусымда бұрынғы Көкшетау облысы, Еңбекшілдер ауданы, Мамай ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ, білімі – жоғары.
2012 жылы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Көкшетау техникалық институтын «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша тәмамдаған.
2008 жылдан бастап азаматтық қорғау органдарында қызмет атқарып келеді.
Әр жылдары Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаментінің түрлі құрылымдарында инженер, аға инженер, бас маман, бөлім бастығы лауазымдарын атқарған.
2025 жылғы 15 сәуірден бастап Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті Қорғалжын ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы қызметін атқарады.