
Түсіпов Жетпіс Сағындықұлы
Бөлім басшысы
Өмірбаян
Түсіпов Жетпіс Сағындықұлы, 1985 жылғы 9 қыркүйекте Ақмола облысы Қорғалжын ауданы Қорғалжын ауылында дүниеге келген. Отбасы жағдайы – үйленген, төрт баласы бар. Білімі жоғары, Көкшетау университетін «Заңтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2005 жылы Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында бастаған.
2005–2007 жылдары Ақмола облысы Ішкі істер департаментінің Мамандандырылған күзет қызметі басқармасында, сондай-ақ Қорғалжын ауданы ішкі істер бөлімінің айдауыл қызметінде қызмет атқарған.
2007–2008 жылдары Қорғалжын ауданы ішкі істер бөлімінің көші-қон полициясы тобының инспекторы болған.
2008–2017 жылдары Қорғалжын ауданы ішкі істер бөлімінің анықтау тобының анықтаушысы қызметін атқарған.
2017–2021 жылдары Қорғалжын ауданы полиция бөлімінің тергеу бөлімшесінде аға тергеуші болып жұмыс істеген.
2021 жылғы 14 қаңтардан 2024 жылғы 31 қазанға дейін Қорғалжын ауданы полиция бөлімінің бастығының тергеу жөніндегі орынбасары лауазымын атқарып, зейнетке шыққан.
2025 жылғы 1 мамырдан 31 қазанға дейін Қорғалжын ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметінің басшысы қызметін атқарған.
2025 жылғы 1 қарашадан бастап бүгінгі күнге дейін Қорғалжын ауданы әкімі аппаратының инспекторлық-бақылау және қаржы-шаруашылық бөлімінің басшысы болып жұмыс істейді.




