Егінбаев Ақылбек Хамзинұлы

    Қорғалжын ауданы әкімінің орынбасары

    Егінбаев Ақылбек Хамзинұлы
    Әкімінің орынбасары

    Егінбаев Ақылбек Хамзинұлы

    Қорғалжын ауданы әкімінің орынбасары

    Өмірбаян

    1963 жылы 10 ақпанда Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Казгородок ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ.

    Білімі – жоғары.
    1990 жылы Целиноград ауыл шаруашылығы институтын бітіріп, ғалым-агроном мамандығын алған.
    2002 жылы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін тәмамдап, заңгер біліктілігін алған.

    Еңбек жолын 1981 жылы «Амантау» кеңшарының №1 бригадасында агроном болып бастаған.
    1981–1983 жылдары Кеңес армиясы қатарында қызмет атқарған (Ресей Федерациясы, Астрахан облысы, Капустин Яр қаласы).

    1983–1988 жылдары «Амантау» кеңшарында агроном, бригадирдің көмекшісі;
    1988–1994 жылдары «Путь Ленина» кеңшарында инженер-гидротехник;
    1994–1995 жылдары «Амантау» кеңшарының №3 бригадасының бригадирі;

    1995–1999 жылдары «Қорғалжын ХПП» ЖШС-нің өндіріс бастығы;
    1999–2002 жылдары Қорғалжын аудандық сотында сот орындаушысы;
    2002–2005 жылдары Қорғалжын аудандық соты кеңсесінің меңгерушісі;

    2005 жылы Қорғалжын ауданы әкімінің аппаратында мемлекеттік-құқықтық бөлімнің басшысы;
    2005–2007 жылдары Қорғалжын ауданы әкімі аппаратының басшысы;
    2007–2009 жылдары Қорғалжын аудандық әділет басқармасының бас маманы;

    2009–2013 жылдары Қорғалжын аудандық заң консультациясының меңгерушісі, адвокат;
    2013–2014 жылдары Қорғалжын ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы;
    2014–2016 жылдары Қорғалжын ауылдық округінің әкімі;

    2016 жылы Қорғалжын аудандық заң консультациясының меңгерушісі, адвокат;
    2016 жылы Қорғалжын ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімінің бас маманы;

    2016–2018 жылдары Қорғалжын ауданының жер қатынастары бөлімінің басшысы;
    2018–2022 жылдары Қорғалжын ауданы әкімі аппаратының бас инспекторы;

    2022 жылғы 1 ақпаннан 2026 жылғы 3 ақпанға дейін Ақмола облысы Қорғалжын ауданы жер қатынастары бөлімінің бас маманы;

    2026 жылғы 3 ақпаннан бастап Қорғалжын ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері