Сейлова Айнагүл Нұрғалиқызы

    Қорғалжын ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметінің басшысы

    Сейлова Айнагүл Нұрғалиқызы
    Басшы

    Сейлова Айнагүл Нұрғалиқызы

    Қорғалжын ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметінің басшысы

    Өмірбаян

    Сейлова Айнагүл Нұрғалиқызы 1972 жылдың 5 мамырында Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы, Жантеке ауылында дүниеге келген. 1989 жылы Жантеке ауылындағы Қызылту орта мектебін бітірген.

    Білімі жоғары:

    1992 жылы Целиноград қаласының құрылыс техникумын бітірген;

    2004 жылы Д.А. Қонаев атындағы университетті «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған;

    2014 жылы Алматы гуманитарлық-экономикалық университетін «Есеп және аудит» мамандығы бойынша бітірген.

    1992 жылдан Қорғалжын ауданы бойынша Халық банкінде инспектор;

    1997 жылдан Халық банкінің Қорғалжын аудандық бөлімшесінде оператор;

    1999 жылдан Халық банкінің Қорғалжын аудандық бөлімшесінде контролер;

    2001 жылдан Қорғалжын аудандық пошта байланысы бөлімшесінің касса меңгерушісі;

    2006 жылдан Қорғалжын аудандық құрылыс бөлімінің бас маманының міндетін атқарушы;

    2006 жылдан Қорғалжын аудандық құрылыс бөлімінің бас маманы;

    2012 жылдан Қорғалжын аудандық құрылыс бөлімінің жетекші маманы;

    2012 жылдан Қорғалжын ауданы бойынша салық басқармасының бас маманы;

    2013 жылдан Қорғалжын аудандық экономика және қаржы бөлімінің бас маманы;

    2016 жылдан Қорғалжын аудандық экономика және қаржы бөлімінің бас маманы, бөлімнің ұйымдастыру-құқықтық жұмысы және мемлекеттік кірістерді мәжбүрлеп өндіріп алу басқармасы бойынша бас маман қызметтерін атқарған;

    2017 жылдан Қорғалжын аудандық экономика және қаржы бөлімінің экономикалық саясат және жоспарлау секторының бас маманы;

    2019 жылдан Қорғалжын аудандық экономика және қаржы бөлімінің бас маманы.

    2026 жылғы 1 маусымнан бастап Қорғалжын ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметінің басшысы лауазымына тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері