
Тайжанова Айнагүл Қайыркелдіқызы
Қорғалжын ауданы әкімдігі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Тайжанова Айнагүл Қайыркелдіқызы 1977 жылғы 23 маусымда Ақмола облысы Қорғалжын ауданы Қорғалжын ауылында дүниеге келген.
Білімі – жоғары. Еңбек жолын 1996 жылы Қорғалжын ауданында бастаған.
2001–2002 жылдары Дружба орта мектебінде іс жүргізуші,
2002–2003 жылдары Қорғалжын аудандық еңбек және әлеуметтік қорғау бөлімінде маман,
2003–2004 жылдары білім бөлімінде хатшы,
2004–2007 жылдары Қорғалжын аудандық мәдениет үйі кітапханасында әдіскер қызметтерін атқарған.
2007–2019 жылдары Қорғалжын аудандық әділет басқармасында жылжымайтын мүлікті тіркеу бөлімінің инспекторы болған.
2019–2020 жылдары Қорғалжын ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді бақылау бөлімінде бас маман,
2020–2022 жылдары Қорғалжын ауданының экономика және қаржы бөлімінде бас маман қызметін атқарған.
2022–2026 жылдары Қорғалжын ауданы әкімдігі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінде бас маман болған.
2026 жылғы 2 наурыздан бастап Қорғалжын ауданы әкімдігі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.




